Медициналық сақтандыру сарапшылары мұнайшылармен кездесті
25 Апреля 2019 (14:21) | 2514 | Автор: Нурганым Имашева
Медициналық сақтандыру қоры сарапшылары «КазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы қызметкерлерімен кездесті. Онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы кең талқыланды.
-Денсаулық саласындағы қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – МӘМС жүйесінің басты мақсаты, - деп атап өтті МӘМС қоры Маңғыстау филиалының директоры Бақыт Торғайбайұлы Исмаханбетов.
- Бүгінгі таңда қарапайым халықтың қымбат медициналық қызметтерді қалтасы көтере бермейді. Дәрі-дәрмектердің де құны арзан емес. Осы мақсатта мемлекетіміз егжей-тегжейлі сараптап, ауқымды зерттеу жүргізу нәтижесінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл жаңалық халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға септігін тигізеді. Сақтандырылған азаматтар магнитті-резонансты томография (МРТ), КТ сияқты қымбет зерттеулерден тегін өте алады, сондай-ақ бүйрек, бауыр, жүрек ауыстыру сияқты күрделі оталарды ақысыз жасататын болады, - деді ол.
Бақыт Торғайбайұлының айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірмейтін медициналық қызметтердің жекелеген түрлері ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) арқылы төленуі мүмкін, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті мерзімдік тексерулер, санаториялық-курорттық емдеу және т.б. Барлығы кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке тұлға немесе кәсіпорын (Ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетінде қызметтерді қайталамайтын ЕМС қызметтер пакетін таңдай алады.
Бұл жерде ескерте кететін жайт, өлкемізде ірі кәсіпорындар болмаса, өз жұмысшыларына ЕМС пакетін ұсынуға барлық бірдей мекеменің мүмкіндігі жете бермейді.
Мұнайшылар жеке емханаларда тегін қаралу қаншалықты қолжетімді екендігін сұрады. Маңғыстау тұрғындары Медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалымен келісімшарт жасасқан жеке емханаларда тегін ем қабылдай алады.
Бұл туралы біздің басылымға Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді ұсынған баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему