Өңір бойынша 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымы сәтті аяқталды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өңір бойынша 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымы сәтті аяқталды

21 Апреля 2019 (18:22) | 2301 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінен келіп түскен мәліметке сай, «2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының нәтижесінде, облыстың әлеуметтік, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілері, оның ішінде 388 білім беру,140 әлеуметтік, 102 денсаулық сақтау нысандары,1654 тұрғын үйлер және инженерлік желілері бойынша 20,78 шақырым жылу құбырлары, 589,0 шақырым электр желілерінің күрделі жөндеу жұмыстары толықтай жүргізіліп, өңіріміздегі күзгі-қысқы жылу беру маусымы орнықты өтті».

 

 

-Ақтау, Жаңаөзен қалаларының және аудандардың әлеуметтік нысандарына жылу 2018 жылғы 15 қазанынан бастап, ал облыстағы барлық елді мекендерінің нысандарына жылу бекітілген кестеге сәйкес 16 қазаннан бастап берілді. Өңірдің негізгі энергия өндіруші кәсіпорны «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС орнықты жұмыс жасады. Жылыту маусымы 2019 жыл сәуір айының 16-да тоқтатылды. Алайда, әлеуметтік объектілер үшін жылыту маусымын тоқтату кейінге шегерілді.

 

Қорыта келгенде, жылыту маусымында электр, жылу жүйелерінде, ажыратулар мен ақаулар орын алған жоқ. Жылу беру маусымы орнықты өтіп, өңіріміз үшін жайлы аяқталды.

 

Сондай-ақ, 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына наурыз-сәуір айларынан бастап, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ және де басқа кәсіпорындарда энергетика нысандарын күзгі-қысқы кезеңінің орнықты жұмысына дайындық жөніндегі іс-шаралары басталып кетті, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Есенғалиев Шаңытбай Мұсаұлы.

 

Суретті ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему