Қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шара өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 03:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шара өтті

10 Апреля 2019 (09:22) | 2467 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында, ағымдағы жылдың сәуір айының 9 жұлдызында, теңіз жағалауында басқарма қызметкерлері балық аулаушылар және демалушылармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 

 

Ақтау қаласының ТЖ Басқармасының инженері азаматтық қорғау аға сержанты А. Абиловтың мәлімдеуінше, «Адамдардың қаза болуының себебі - балық аулау кезінде сақтық шараларын ескермей, қауіпсіздік қағидасын сақтамауы және балалардың байқаусызда суға құлауы (арықтар және суғару арналары), олардың су айдындарына жақын болуы, үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруы болып табылады».

 

 

Үгіт-насихат жүргізу шарасы барысында қызметкерлермен балық аулау кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын сақтау және балаларды қараусыз қалдырмау жөніндегі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына сай, республика аумағында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 25 наурызға дейінгі аралығында су айдындарында 10 адам қаза тапты, олардың 4 бала (2018 жылы осындай уақытта 7 адам суға кетті,оның 5-уі бала).

 

 

Қаза болған адамдардың көбі Түркістан облысында -3 адам, оның 2-уі бала, Алматы және Қызылорда облыстарының әрқайсында 2 –адамнан суға батып кеткен.

 

А.Хаджимурадов

ТЖБ инженері лауазымындағы тағылымгер

азаматтық қорғау қатардағы

 

Суреттерді түсірген Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему