Мұнайлы ауданында 59 отбасы «Бизнес 3 күнде» жобасына қатысуға дайын
8 Апреля 2019 (12:17) | 2140 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлімдеді.
Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанының қортындысы бойынша Мұнайлы ауданында 5 699 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Сәйкесінше, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 6 749 адамды құраған.
Кәсіпкерлерді қолдау бағытында «Атамекен» МКҰ арқылы 5 адамға 20,0 млн.теңге көлемінде несие берілді (01.03.2018 жылы – 6 адамға 21,9 млн. теңге).
«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданынан барлығы 53 жоба мақұлданды. Жалпы құны-1 млрд.959,6 млн.теңге, несие сомасы 951,3 млн.теңге және 539 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда құны 462,4 млн.теңге 24 жоба қаржыландырылды, оларда 321 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биыл 50 адамға барлығы 189 млн.теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит және 70 адамға барлығы 12 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы жоспарланған
-Өңір басшысы Ералы Тоғжановтың бастамасымен қолға алынған «Бизнес 3 күнде» кәсіпкерлік жобасы аясында Мұнайлы ауданында бизнес бастаймын деген көпбалалы 59 отбасының тізімі жасақталып, оларды кәсібін бастау үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге кәсіпкерлерді тарту жұмыстары басталды, бұл жұмыс жалғаса береді,-дейді аудан әкімі Р.Елтизаров.
Суреттерді түсірген өңірлік коммуникациялар қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему