Ақтауда «Тұрғын үй-2018 ″ маусымдық-алдын алу операциясы жүргізілуде
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Тұрғын үй-2018 ″ маусымдық-алдын алу операциясы жүргізілуде

14 Октября 2018 (18:40) | 1805 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Ақтау қаласының аумағында ағымдағы жылдың 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында "Тұрғын үй-2018" маусымдық-алдын алу айлығын ұйымдастырып, өткізуде.

 

 

«Тұрғын үй-2018» айлығының негізгі мақсаты - тұрғын үй секторы объектілерінің өрт қауіпсіздік жағдайын арттыру, тұрғын үйлердегі өрттердің санын азайту, сондай-ақ халықты өрт қауіпсіздік шараларына және өрт туындаған жағдайдағы іс-әрекеттерге оқыту болып табылады.

 

"Тұрғын үй-2018" операциясы аясында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ерікті жастарымен бірлесіп, 22 шағын аудан 4,5,6 үйлердің тұрғындарына аула аралау үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді және 150-ден астам тұрғындарға жадынамалар таратылып, нұсқаулықтар өткізді.

 

Тұрғындарға күзгі өрт қауіпті кезеңде тұрмыстық электр жылыту және газ құралдарын пайдалану, сондай-ақ пешті пайдалану ережелері бойынша өрт қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

 

Сонымен қатар тұрғындардың өз тұрғын үйлері мен пәтерлеріндегі қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға назарларын аударғым келеді:

 

- үй-жайларды жылыту кезінде қолдан жасалған электр құралдарын пайдаланбаңыз;

- желіге қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;

- - тез тұтанатын заттарға тікелей жақын жерде электр жылытқыштарды орнатуға болмайды;

- электр сымдарының оқшауламасы жарамды күйде болуы тиіс. Электр желісіне қосылған үтіктер, шәйнектерді жанбайтын негіздерге қою керек.

- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл-қоқыстан айына кемінде бір рет тазартып тұрыңыз,

- пешке тамызғы ретінде тез жанғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеңіз,

 

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар

басқармасы инженері Гүлбарам Ордабаева

 

Суреттерді түсірген Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему