Маңғыстау облысында бүкіл дүниежүзілік АҚ күні айлығы қорытындыланды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 15:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында бүкіл дүниежүзілік АҚ күні айлығы қорытындыланды

2 Апреля 2019 (09:53) | 5482 | Автор: Нурганым Имашева

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) Халықаралық Ұйымы Бас Ассамблеясының Қарарына сәйкес ағымдағы жылы 1 наурыз күні Бүкіл Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс Күні «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен атап өтілді.

 

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық және ведомствовалық бөлімшелерімен ағымдағы жылдың 25 - ақпаны мен 25 - наурызы аралығында Азаматтық қорғаныс айлығы өткізілді.

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Б. Абдикадыров:

 

-Облыстың қалалар мен аудандарындағы 7 өрт сөндіру бөлімдерінде және Ақтау қаласының «ЖҚЖ» ММ құтқару станциясында оқу орындарының оқушылары үшін апаттан-құтқару жұмыстарына және медициналық көмек көрсетуге тағайындалған апаттан-құтқару техникасы, жабдықтар мен құралдарды көрсетумен «Ашық есік күндері» өткізілді. АҚ айлығын өткізу кезінде барлық қала және аудан ТЖБ (Б), Департаменттің «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММ, сонымен бірге Білім беру басқармалары мен бөлімдері, соның ішінде қалалық білім беру бөлімінің «Оқушылар орталығы» тартылды және белсенді қатысты.

 

АҚ айлығы бойы «ӨСжАҚЖҚ» ММ және «ЖҚЖ» ММ бөлімшелеріндегі жедел-кезекші ауысымдарының тұрмысы мен күнделікті өмірлерін балаларға көрнекі түсіндірумен облыс оқушылары үшін экскурсиялар ұйымдастырылып өткізілді.

 

Білім беру басқармасы Департаменттің құрылымдық және ведомствовалық бөлімшелерімен бірге 134 жалпы білім беру мектептерінен 4000 астам оқушыларды, 26 ООО, 1000 астам студенттерді және 3 ЖОО 200 астам студенттерді қамтумен АҚ қатысты ашық сабақтар өткізілді.

 

Ашық сабақтарда АҚ құрылу және даму тарихы, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлары комитетінің құрылымы және қызметі, ТЖ кезінде және әскери қақтығыс кезінде халықтың әрекеті сұрақтары оқушылар мен студенттерге ТЖ кезіндегі халықтың әрекеті ережелері туралы 5000 астам данадағы жадынамалар таратумен қарастырылды. Барлық оқу орындарында АҚ сұрақтары бойынша ақпараттық стендтер рәсімделді.

 

Суреттер сайысы, газ қағарларды кию, зардап шегушіні тасымалдау, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалану, Калашников қаруын жинау-бөлшектеу, пневматикалық қарудан ату элементтерін пайдаланумен әскери-патриоттық сайыстар өткізілді,-деп мәлімдеді.

 

 

Оның айтуынша, «Облыстың білім беру объектілерінде жалпы 178 жалпы білім беру мектептерінен 3 598 оқушыларды қамтумен 20 интерактивті сабақтар өткізілген.

 

Ақтау қаласының №1 спорт залында бастауыш сыныптардың оқушылары арасында көңілді старттарды өткізумен Бүкіл Дүниежүзілік АҚ Күніне арналған «Өзіңді қорға!» акциясын ұйымдастырған «Оқушылар орталығы» Бүкіл Дүниежүзілік АҚ Күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша белсенді қатысқан ұйымдардың бірі болып табылады. Жарыстарда балалар үй жануарларын түтінделген бөлмелерден құтқару, және де нысанаға доп лақтыру және ұшақтарда аймақ көрінісі және т.б. элементтерді көрсетті. Барлық қатысушыларға Департамент бастығы атынан сәйкесінше дипломдар және «Оқушылар орталығы» атынан медальдар табыс етілді.

 

Осы уақытта, «Оқушылар орталығымен» №1, 2, 6 ОМ, №8 балабақшасы, «Оқушылар орталығы» және «Толқын» аулалық клубы балаларының қатысуымен «Өзіңді қорға»

 

тақырыбында сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Оның ішінде 21 бала Департамент бастығы атынан арнайы дипломдармен, «Волна» кондитерлік фабрикасының тәтті жүлделерімен марапатталды. Сайысқа қатысушы балалардың суреттері №1 орта мектебінің фойесінде өрт, қатты жел және жер сілкінісі орын алғандағы алғашқы әрекеттер бойынша көрнекі құрал ретінде қойылды.

 

Сонымен қатар білім беру объектілерінде АҚ бойынша тақырыптарға шығармалар жазуды өткізумен сабақтар өткізілді, оның ішінде 6 қызықты және мазмұнды шығармалар Департамент бастығының дипломдарымен атап өтілді, ал олардың ішіндегі бірнеше шығармалар «Оқушылар орталығының» басшысы Валентина Зайцева бас редакторы болып табылатын газетте жарияланды.

 

 

Атап өту қажет, осылармен бірге АҚ бөлімімен Департамент қызметкерлерінің балалары арасында АҚ күніне қатысты сәйкесінше тақырыпқа сурет салу сайысы ұйымдастырылды. 4 сурет үздік ретінде танылып, а.ж. 28 наурыз күні Департаменттің акт залында бұқаралық ақпарат құралдарын тартумен (теледидар, баспа және интернет құралдары) өткізілген салтанатты жиында Департамент бастығының сәйкесінше дипломымен, және де бағалы жүлделермен (ойыншықтармен) марапатталды».

 

-АҚ айлығын өткізу кезеңінде сонымен қатар мынадай шаралар ұйымдастырылды:

 

7 жалпы қалалық және жалпы аудандық сейсмо жаттығулар, соның ішінде 2 Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданы әкімдіктері ғимараттарында;

 

Облыс мектептеріндегі 1000 астам оқушыларды қамтумен жалпы білім беру мектептерінде жиналу (қабылдау) эвакуациялық пунктті жаюмен 7 жаттығу;

 

Басқару органдарын тартумен азаматтық қорғаудың аудандық құрылымдарымен бірге 7 көрнекі тактика-арнайы жаттығулар, атап айтқанда: жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшылық құрамымен;

 

АҚ айлығын өткізу нәтижесі бойынша Департаменттің белсенді қатысқан қызметкерлері, мектеп оқушылары мен ұйым жұмысшылары Департамент бастығы атынан 15 мадақтау қағазымен және 15 алғыс хатымен марапатталды,- дейді ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Б. Абдикадыров.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему