Ақтау қаласы әкімдігінің екі бірдей лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласы әкімдігінің екі бірдей лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды

10 Марта 2019 (17:44) | 4619 | Автор: Нурганым Имашева

Әдеп жөніндегі кезекті кеңес отырысында Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Д.Бақов және Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Балиұлына қатысты тәртіптік істері қаралып, шенеуніктерге жаза қолданылды.

 

 

Екі лауазымды тұлғаға қатысты қаралған істерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаментінің және Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жекеше қаулысы негіз болған.

 

 

Шағымданушы, қала тұрғыны А.Төлешов деген азамат өз арызында Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Д.Бақов өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, сауда саттықпен айналысуға арналған жер орынын беру үшін «Кишлак» мейрамханасындағы түскі асының құнын төлеуді және қосымша пара сұрады деп көрсеткен.

 

 

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Д.Бақов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдамай заңның бұзылуына жол бергендігі анықталды.

 

Айта кету керек, шенеунік өзінің тарапынан орын алған заңсыз әрекеттерге жол бергендігін және қателескенін мойындап, нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қала әкімдігінің бөлім басшысына қатысты «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Ақтау қаласы әкімінің атына ұсыныс жолдайтын болды.

 

Тағы бір тәртіптік іс Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Балиұлына қатысты қаралды.

 

 

Белгілі болғандай, құқық қорғау органының қызметкерлері Ғ.Сабеков пен Б.Тургунбаевқа қатысты қылмыстық ісін қарау барысында Жаңаөзен қалалық сотының 2013 жылғы 22 шілдедегі үкімімен ҚР ҚК-нің 308-бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 350 АЕК мөлшерінде 566 300 теңге айыппұл түрінде айыптау үкімі шығарылған. Алайда, аталған сот шешімі Жоғары Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күші жойылып, қылмыстық іс апеллциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолданған.

 

Осы қылмыстық істі қарау барысында жәбірленуші Б.Балиұлының осы уақиға болған кезде мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлға болып жұмыс жасағандығы, қазіргі таңда да ол мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыста екені, оның мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын және мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік әдебінің сақталуын өрескел бұзушылыққа жол бергені, оған ешқандай тиісті тәртіптік шаралар алынбағаны, сонымен қатар, оның осы қылмыстық істі сот алқасында қарау барысында сот отырыстарына дәлелсіз себептермен бірнеше рет келмей, сотқа құрметтемеушілік танытқанын анықталып, заңға қайшы іс әрекеті жөнінде жекеше қаулы шығару арқылы аумақтық департаменттің назарына жолдаған.

 

 

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Балиұлының іс-әрекеті мемлекеттік қызметшiлерiнiң Әдеп кодексінің бұзғаны жөнінде қорытынды жасалып, тәртіптік іс қозғалған. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ақтау қаласы әкімінің атына шенеунікке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныс жолдайтын болып шешілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему