Ақтау қаласында өрт-құтқару флэшмобы өтті
2 Марта 2019 (11:24) | 3108 | Автор: Нурганым Имашева
Қалалық әкімдігінің жанында, Ақтау қаласының орталығында «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне орай Ақтау студенттері мен оқушыларының, сондай-ақ Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі құтқарушыларының қатысуымен өрт-құтқару флэшмобы өтті.
Флешмоб Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында халық арасында кеңінен танымал болып отыр. Балалар да, ересектер де осы мереке сияқты іс-шараға жұмылады, ал пайдалы ақпарат берудің бейресми тәсілі өз қауіпсіздігіне жауапты қарым-қатынасты неғұрлым сапалы қалыптастыруға ықпал етеді.
-Флешмобтың мақсаты – халықтың назарын тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне аудару, командалық рухты көрсету, батылдық пен күштің үлгісі болу, салауатты өмір салтын насихаттау және өрт сөндіруші мамандығын танымал ету.
Өрт сөндіруші және құтқарушы бұл жай ғана мамандық емес! Өрт сөндіруші мамандығын батыл, күшті, жауапты, қатты мінезі бар, ерік күші, тез реакциясы бар адамдарға меңгеру ұсынылады. Бүгінгі орта мектеп оқушыларына дұрыс кәсіби жолды таңдауға азаматтық қорғау қызметкерлері көмектеседі.
Өрт сөндірушілер, құтқарушылар оқушылар мен студенттерге, қала тұрғындары мен қонақтарға арнайы, негізгі және қосалқы өрт сөндіру техникасы мен өртке қарсы жабдықтарын көрсетті, Көкшетау техникалық институты туралы, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтылды.
Флешмобқа өнер колледжінің студенттері де қатысты.
Іс-шара соңында өрт сөндірушілер бірегей қауіпсіздік және үгіттеу мерекелерінде «КТИ» үлкен әріптерін қалыптастырып, тұрғызылды,* деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему