Маңғыстаулық медицина ұйымдарына 26 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді
28 Февраля 2019 (09:25) | 1399 | Автор: Нурганым Имашева
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті медицина ұйымдарынан 25,886 млрд теңгенің қызметін сатып алады. Бұл туралы облыстық филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
- Биыл облыс бойынша 55 медицина ұйымымен келісімшарт бекіттік. Мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін қызмет көрсететін емдеу ұйымдарының арасында 26 жеке меншік клиника да бар. Олармен 2,791 млрд.теңгенің келісімшарты бекітілді. Ал, 29 мемлекеттік мекемемен жасалған келісімшарттың жалпы сомасы – 23,094 млрд.теңге. Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылы халыққа тегін қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтады, - деді Бақыт Торғайбайұлы.
Айта кету керек, келісімшарт бекіткен емханалар мен клиникалар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындамақ.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі
Суреттерді ұсынған баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему