Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғын секторында өрт қауіпсіздігін ескертуде
11 Февраля 2019 (15:07) | 2530 | Автор: Нурганым Имашева
Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен, №4 өрт сөндіру бөлімімен бірлесе ағымдағы жылдың 9 және 10 ақпандарында Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылындағы тұрғын үйлер арасында өрт қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы біздің басылымға Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлады.
-Үгіт-насихат жұмыстары кезінде мүжәлсіз, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың үйлерін аралап, жылыту қазандықтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға газ қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, улы газдан улану жағдайын болдырмау және үй жылыту пештерін қолдану ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды,-деп мәлімдеді Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Суреттерді ұсынған Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему