Жаңа нысанды зерделеу – адамдарды құтқару және өртті тез сөндіру кепілі
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 00:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа нысанды зерделеу – адамдарды құтқару және өртті тез сөндіру кепілі

3 Февраля 2019 (11:45) | 1756 | Автор: Нурганым Имашева

Қазіргі заманғы өмірді әдеттегі сауда-дүкен нысандарынсыз, ойын-сауық сауда орталығынсыз, сауда орталығынсыз елестету қиын. Жаппай баратын нысана бола отырып, олар сауда бөлмелеріне қойылатын барлық өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес болуы тиіс. Нормалар мен ережелердің болмашы бұзушылықтары үлкен материалдық шығындарға және көптеген адамдардың құрбандықтарына әкелуі мүмкін.

 

 

Бірінші кезекте, ірі сауда орталықтарында, ойын-сауық сауда орталықтарында олардың үлкен көлемі, түрлі функционалдық мақсаттағы бөлмелердің көптеген саны, бір мәнді емес, кейде көптеген адамдар бір уақытта болатыны және бірегей жоспарлау кезіндегі жайы өрт қаупін құрайды.

 

Жуырда «AK KALA MALL» ойын-сауық сауда орталығында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметтері гарнизонының жеке құрамымен жаңа нысан оның орналасуы мен ерекшеліктері зерттелді. Ақтау қаласын қорғау бойынша үш өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері, Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылығы, күштер мен құралдардың жедел басқару орталық қызметкерлері ғимараттың бөлмелерімен және жоспарларымен танысты.

 

 

-Сауда орталығы кешенінің өзі 5 қабаттан және оған қоса 0 қабаттан тұрады, сауда залдары, наубайхана, супермаркеті, дәмханалар, балалар аттракциондары және кинотеатрдың жаңа секторы орналасқан. Ғимарат 2018 жылы салынған, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған, бірақ осыған қарамастан, осы нысанадағы өрт адамдардың жаппай келуіне және бөлмелердің жоғары жанғыш жүктемесіне байланысты айтарлықтай қиындық тудырады.

 

 

Адамдарды эвакуациялау және өртті сөндіру бойынша іс-әрекеттер қаншалықты сауатты жүзеге асырылғандығы адам өмірін аман алып қалуға тікелей байланысты. Адамдар көп жиналатын нысаналарда конструкциялардың құлауы және жанудың улы өнімдерінің қарқынды бөлінуі өрт болған жағдайда орын алуы мүмкін, бұл адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды расымен қиындатады,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему