Маңғыстау облысының прокуратурасымен өткен жылы мемлекет пайдасына 693 млн. теңге өндірілген
1 Февраля 2019 (15:56) | 1570 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы прокуратурасының алқа отырысында 2018 жылдың жұмыс қорытындысы талқыланып, алдағы кезеңдегі міндеттер айқындалды.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Қоғамдық мүддені қорғау саласында бірқатар маңызды тексерістер жүргізілді.
Мемлекет пайдасына 693 млн. теңге өндіріліп, 4,9 млрд. соманы құрайтын мүлік қайтарылды.
Қадағалау актілерімен 566 жұмысшылардың пайдасына 194 млн. теңге жалақы берешегі өтелді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бағытында прокурорлық ықпал ету шараларымен 7 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға негізсіз ұсталған салық сомалары қайтарылды.
Мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген бюджет қаражатын игеру заңдылығына жүргізілген тексерістермен 313 студенттерге жалпы сомасы 8,9 млн. теңге шәкіртақы төленді.
Прокурорлық қадағалау актілерімен мемлекет қорына 4,9 млрд. теңге көлеміндегі жалпы ауданы 4,5 га 241 жер телімдері қайтарылды.
Мемлекеттік сатып алу саласында 1,4 млрд. теңгені құрайтын конкурс нәтижелері бұзылды.
Жылу мен электроэнергияға баға қалыптастыру саласында заңдылықтың сақталуына жүргізілген тексеріс барысында «Бейнеуэнергосервис» МКК-не 12,5 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, электрқуат бағасы 20,26-ден 20,03 теңгеге төмендеді.
Салық төлеуден табыс бөлігін азайту, жалған келісім-шарттар жасасу және хабарламаларды орындау жолымен жалтару фактілері бойынша қабылданған шаралардың көмегімен 202 млн. теңге өндірілді.
Азаматтық істер бойынша сотқа қатысу барысында 587 млн. теңгені құрайтын мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды».
-Қылмыстық қудалау саласында алдын-алу шараларымен аса ауыр қылмыстардың 17%, ауыр қылмыстардың - 25%, ауырлығы орташа қылмыстардың - 16%, онша ауыр емес қылмыстардың - 13% төмендеуіне қол жеткізілді.
Қылмыстық процестің репрессивтілігін төмендетуге бағытталған шаралармен ұсталғандардың саны 27,5% (432-ден 313-ке) қысқарып, заңсыз ұсталған 13 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.
Цифрландыру бағдарламасы аясында электрондық түрде 547 қылмыстық іс тергеліп, оның 345 сотқа жолданды.
Уәкілетті органдар және бизнес өкілдерімен бірлесіп, облыс түрмелерінде жазасын өтеп жатқан 280 тұлға жұмыспен қамтамасыз етілді.
50 сотталғанның пайдасына 1 млн. теңге көлеміндегі жалақы берешегі өндірілді.
Құқық қорғау қызметі орталығында прокурорлар 2000-нан астам азаматтарды қабылдап, оларға тиісті құқықтық көмек көрсетті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс прокурорымен бірқатар тапсырмалар берілді, -делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сурет tumba.kz сайтының архивінен алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему