Маңғыстау облысының үздік мемлекеттік қызметшілері анықталды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 21:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының үздік мемлекеттік қызметшілері анықталды

8 Июня 2020 (17:18) | 3257 | Автор: Нурганым Имашева

Республикалық «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

 

Биыл конкурс әлемдегі эпидемологиялық ахуалға байланысты қашықтық режимде өткізілді.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген 48 мемлекеттік қызметшінің 33-і конкурсқа қатысуға жолдама алды, олардың 29-ы берілген тапсырмаларды дер кезінде орындады.

 

 

«Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңін мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған комиссия үміткерлердің «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын?» тақырыбындағы мотивациялық эссесін, кейстік тапсырмаларды орындауын бекітілген критерийлерге сәйкес баллдық негізде бағалады.

 

Қойылған ұпайларына орай, конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша келесідей мемлекеттік қызметшілер өңірлік кезеңнің жеңімпаздары деп танылды:

 

 

Құлатай Ысқақ Қашқынбайұлы –«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ басшысы;

 

 

Оразай Заңғар Жолдасқалиұлы –«Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы;

 

 

Жарасов Нұрлан Базарбайұлы – «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімнің бас маманы.

 

-Сонымен бірге, жобада белсенділік танытып, комиссия мүшелерінің көзіне ерекше түскен қатысушыларды да атап өтуе болады. Олар: Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Рысгүл Тұрақбаева, Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары Гулшеру Джайылганова, Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы Гулсим Жариева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Долдашев, Бейнеу ауданы Сарға ауылының әкімі Марат Болысов, Бейнеу ауданы әкімдігінің бас маманы Елжас Шунгилов және облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Жібек Сырлыбаева.

 

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарының жауапкершілігі өте жоғары. Олар республикалық деңгейде облыстың намысын қорғайтын болады.

 

Жеңімпаз жерлестерімізге сәттілік тілейміз!- делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Сурет баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему