Жаңаөзендік азамат үйінде арпа өсіреді
17 Января 2017 (15:32) | 2974 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңаөзен қаласының тұрғыны «Табиғаты қатал, шөлейтті Маңғыстауда егін егіп, оны өсіру өте қиын, тіпті мүмкін емес», деген пікірді жоққа шығарды.
Мәулен Дәуленбаев үйінде арпа өсіріп жатыр. Төрт түлік жемін айрықша тәсілмен өндіруді ол ғаламтордан көрген. Мәди Дәуленбаев көздеген ойын жүзеге асыруға қажет қондырғыны Ресейден алдырады. Қазіргі жетістігі шетелдік әріптестерінен кем емес. Дәнді дақыл жыл бойы үзіліссіз егіледі. Шөбімен үй жануарлары қоректенеді. Арпа тұқымы бастапқыда Астанадан сатып алынған. Фермер келешекте Оралға тапсырыс беруді көздеп отыр.
Мәди Дәуленбаев, Жаңаөзен тұрғыны:
- Өсімдік бар күнделікті өсіп тұрған. Ешқандай химия жоқ. Тұқымы таза, лабораториядан өткен. Дәрумен жағынан, мысалы қыстың күні, көктемде жетіспейді ғой малға берілетін шөпте. Соның орнын толтырады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему