Стамбұлға арзан бағада жаңа әуе рейсі ашылды
27 Марта 2017 (15:53) | 1842 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау халықаралық әуежайынан тікелей Түркияға ұшатын тағы бір жаңа әуе рейсі ашылды. Бүгін 51 жолаушыны тиеген әуе кемесі Стамбұлға жол тартты. «Ақтау-Стамбұл-Ақтау» бағытындағы ұшақ аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері таңғы 6.45-те тұрақты түрде ұшырылады.
Жергілікті биліктің айтуынша, бұл бағыт облыс тұрғындарының сұранысына орай ашылып отыр. Бағасы да халыққа қол жетімді болмақ. Стамбұлға барып-келу құны 63 мың теңгенің шамасында. Аталған әуе бағыты арқылы еліміздің батысындағы өзге аймақ тұрғындары да Қара теңіз жағалауына сапарлай алады.
Айта кетейік, түрік компаниясының бұл әуе бағыты осыған дейін чартерлік рейспен ұшырылған болатын. Енді тұрақты түрде қатынамақ. Түрік компаниясынан өзге қазақстандық Скат әуе компаниясының да әуе бағыты Ақтаудан Стамбұлға ұшырылып жатыр.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему