«Сот кабинеті» - сот жүйесіне қолжетімділік кепілі
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Сот кабинеті» - сот жүйесіне қолжетімділік кепілі

5 Января 2019 (17:01) | 3369 | Автор: Нурганым Имашева

Ашықтық, жариялылық секілді қағидаттармен қатар жеделдік, қол- жетімділік те бүгінгі күні басты талап ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Ал, сол жеделдік, қолжетімділік, үнемділік секілді талаптардың үдесінен шығудың бірден-бір жолы – заманауи технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.

 

 

Елдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша цифрлы технологияға ең алғаш қадам басқан сот саласы болатын. Құқықтық мемлекетте дау-дамайлар негізінен сот арқылы ғана шешілетінін ескерсек, төрелік іздегендердің талап арызы сотқа тезірек жетуінде бұл сервистің рөлі зор екені даусыз.

 

Мәселен, «Сот кабинеті» сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Электронды сот ісін жүргізуді дамытуға, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында «Мобильді сот кабинеті» және «Процеске қатысушысының күнтізбесі» сервистері жұмыс жасауда.

 

«Мобильді сот кабинеті» сервисін кез келген тұлға немесе адвокаттар өздерінің ұялы телефондарына қондыру арқылы Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі жаңалықтарды қарауға, жоспарланған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын және уақытын) онлайн режимде сот кабинеті арқылы сотқа ұсынылған барлық құжаттарды табуға мүмкіндік береді.

 

 

Сонымен қатар, бұл қызмет қолданушылары осы сервисте орналасқан чат арқылы хабар алмаса алады. «Процеске қатысушының күнтізбесі» функционалындағы сот процесінің қатысушы адвокаттың белгілі бір мерзімге бос болмауы туралы мәліметтерді енгізу үшін арналған, ол судьяға сот отырысының күні және уақытын белгілеген кезде іс бойынша қатысушылардың жоқтығын ескереді. Сондай-ақ тағайындалған сот отырысының күнін және шешім, қаулының заңды күшіне ену күнін көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Ал, мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің сот кабинеті веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС-хабралама арқылы қосымшада авторлану үшін құпия сөз келеді.

 

 

Сот жүйесінде ІТ-қызмет бойынша көптеген жұмыстар атқарылғанына қарамастан, халық арасында ІТ-қызмет сапасын толықтыра түсуді талап етеді. Сондықтан ІТ-қызметінің сапасын жоғары деңгейге жеткізу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз.

 

«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған.

 

Раман Өтелгенұлы

Маңғыстау облысы бойынша

соттар әкімшісінің бас маманы

 

Суреттерді түсірген Нұрғаным Имашева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему