Маңғыстауда «Жастар жылында» атқарылатын маңызды жобалар жеткілікті
Курс валют в Актау
на 31/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
31 Декабря, 00:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Жастар жылында» атқарылатын маңызды жобалар жеткілікті

5 Января 2019 (11:14) | 2380 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Елбасы, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 13 қарашадағы Жарлығына сәйкес 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанына орай орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Жастар жылы –жаңа мүмкіндіктер» атты баспасөз конференциясында айтылды.

 

 

Жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған мәжіліске Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов және облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Д.Жеткізген қатысып, өңірдегі жастар саясатының жүзеге асырылуы жайында баяндады..

 

Брифинг барысында спикерлер «2019 - жастар жылында» 100 нақты қадамдардан тұратын жол картасының басымдық берілетін бағыттары бойынша атқарылатын істер жайында және желілік кестеге сәйкес имидждік шаралар туралы әңгімеледі.

 

 

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов:

-«Жастар жылы» еліміздегі, соның ішінде өңіріміздегі жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың шығармашылық әлеуетін көтеруге, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілеттерін дамытуға жәрдемдесетін жаңа мүмкіндіктер жылы.

 

Маңғыстау облысы бойынша бүгінгі таңда 14 пен 29 жас аралығында 145 657 жастар бар, бұл жалпы облыс тұрғындарының 22,1% пайызын құрайды. Қалаларда – 70 174, ауылдық жерлерде 75 483 жас тұрады.

 

Облыста 8 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1- облыстық және аудан, қала деңгейінде 7 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері,-деп мәлімдеді..

 

Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Д.Жеткізгеннің баяндауынша, «2018 жылы басқарма тарапынан облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында жастар орталықтарымен және жастар ұйымдарымен бірнеше маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды, Оның ішінде, Елбасының Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын түсіндуріге арналған ақпараттық-насихаттық кездесулер, «Болашаққа сеніммен» жобасы, консультация алған жастардың үлес санын арттыру мақсатында «Кеңес алаңы» жобасы, осал топтағы жастардың үлесін арттыру мақсатында «Еріктілер корпусы» жобасы, жастар орталықтарының қызметі туралы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында имидждік «Лекториум», «Jastar Books», «Кәсіби бағдар» жобалары,«Ауылым –ел бесі» атты жастар керуені, «Жайдарман ойындары - 2018», «Лекториум – 2018» еркін форматтағы жастармен кездесулер өткізілді.

 

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен «Асар», «Жомарт жүрек» қайрымдылық шарасы аясында 168 отбасыға әлеуметтік көмек, 64 жалғызбасты азаматтарға адрестік көмек көрсетілді және Шығыс Қазақстанда болған табиғи апаттан зардап шеккен жандарға 400 кг азық-түлік пен киім кешек жолданған «Шығысқа көмек» науқаны ұйымдастырылды».

 

 

-Елбасының Жарлығымен 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Сондықтан, Елбасымыз атап көрсеткендей жастар жылында негізгі мәселе – жастарға мүмкіндік беріп, оларды ел ішіндегі жұмыстарға, бастамаларға және бағдарламаларға араластыру,- дейді Орталық директоры Досан Жеткізгенұлы.

 

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқовтың айтуынша, «Осы орайда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, барлық басқармалар мен департаменттер, қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып 2019 жылға арналған жол картасы аясындағы 100 нақты шараны іске асырады. Атап айтқанда ағымдағы жылы: жыл басында «Жастар жылының» ашылу рәсімін ұйымдастырып, өңір жастарына жобаларды таныстырылады.

 

Оның ішінде 2 ірі халықаралық шара ұйымдастыру көзделіп отыр. Бірінші, тамыз айында Ақтау саммитінің 1 жылдығы аясында Маңғыстауға шекаралас мемлекет жастарының «Жастар достығы – 2019» форумы. Екінші халықаралық ауқымды шара – Жастар марафоны. Мамыр айына жоспарланған шараға тек Каспий маңы емес, дүниежүзі елдерінен ниеттілер қатыса алады. Бұл шара – Ақтаудың танымалдылығына, Маңғыстау облысының имиджіне оң әсерін тигізеді.

 

Республикалық деңгейдегі шаралар: Маусым айында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» мақалалары аясында «Өз тарихыңды танып біл» атты жастардың республикалық экспедициясы жоспарлануда. Ауқымды экспедиция Маңғыстаудан бастау алады, одан әрі Атырау (Сарайшық, Исатай, Махамбет кесенелері), Орал (Бөкей орда), Ақтөбе (Қобыланды батыр кесенесі), Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Есік қорғаны, Астана қалаларын араламақ.

 

«Туған жер upgrade» Шерқала немесе Айрақты тауы етегінде өтетін көшпелі жастар кездесу-тренингі. Республика бойынша «100 жаңа есімге» енген, жетістікке жеткен тұлғалар шақырылады. Жас блогерлердің медиа-туры қыркүйек айына жоспарланған шараға әлеуметтік желіде танымал жастар, вайнерлер қатыстырылмақ».

 

-Әлеуметтік грант әлеуметтік жобаны іске асыруды көздеген жастарға Бүкіләлемдік банк 1 млн теңгеге дейін қаржы бөлмек. Олар өндірген өнім сатылымға емес, балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Республика жастары арасында жүргізіліп жүрген әдіс 1000-ға жуық маңғыстаулық жас үшін кәсіпкерліктің бастауы болмақ.

 

Өңірдің жас ғалымдарын инвесторлармен таныстыру, оларды халықаралық көрмелерге қатыстыру және еңбегін таныту мақсатында «Жас ғалымдар» форумы өтеді.

 

Жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы гранты бөлінеді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 600-700-ге жуық жасты оқуға тарту жоспарланып отыр. «Сондай-ақ барлық мектепте кәсіптік бағдарлау кабинеттерін ашатын боламыз.

 

Өткен жылы 9119 жас жұмысқа орналасқан. «Жарты жылда бір рет облыстық қоғамдық тыңдау өткізілмек. Еңбек нарығына қажет мамандықтар картасын әзірлеп, оқу орындарына таратылады.

 

«Жасыл ел» бағдарламасымен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жетпек.

 

Қазір «7-20-25» бағдарламасы табысты басталды. Мәселен, бұл жобамен 241 отбасы баспаналы болса, соның 200-і жас отбасы екен. Маңғыстау облысы тұрғын үй салудан елімізде жетекші орында. Сонымен қатар 3000 орындық жатақхананың құрылысы басталады. Ал «Дипломмен алуға» бағдарламасы бойынша 200-ден астам жасқа үй алуға несие беріледі,-деп мәлімдеді Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов

 

Суреттерді түсірген облыстық жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему