Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер жаңа жылдық корпоратив және сыйлықтан бас тартып жатыр
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 02:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер жаңа жылдық корпоратив және сыйлықтан бас тартып жатыр

23 Декабря 2018 (12:45) | 1723 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңа жылдық корпоратив және сыйлықтан бас тартып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек қолын созу. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті осындай бастама көтерді.

 

 

Қазірдің өзінде жаңа жылдық кеш пен бағалы сыйлықтан бас тартып жатқан мемлекеттік мекемелер бар. Олар облыстық мемлекеттік ішкі аудит, техникалық реттеу және метрология, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, білім саласындағы бақылау, мемлекеттік кірістер, қазынашылық, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері мен Жаңаөзен қаласы әкімдігінің аппараты.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифинг кезінде, уәкілетті орган өкілдері жаңа жылдық кештен бас тарту бұл ұжымдық шешім екендігін айтты. Жалпы кез-келген мерекені тойлаудың жолы аз емес. Десе де, жаңа жыл - отбасылық мейрам екендігін ұмытпай, өз шаңырағыңда қарсы алған дұрыс деп есептейді.

 

Сонымен қатар, өңірлік департамент қызметкерлері «Тумба» газеті бастаған «Аяз атаға хат» қайырымдылық акциясын қолдайтынын жеткізді. Балалар reklama@tumba.kz электронды поштасына өздеріне қажет заттар тізімін жолдауда. Бірі велосипед, енді бірі кроссовка керек десе, тағы бірі мектеп сумкасын сұрап өтініш жазған.

 

 

-Жаңа жылда біздің ұжым тек құттықтаумен ғана шектеледі. Барлық мемлекеттік қызметшілерді біздің департамент көтерген бастаманы қолдайды деп сенеміз.

 

Ал жиналған ақшаны мейрамханаға жұмсағанша, жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуға шақырамыз. Біздің ұжымда бұл идеяны барлығы бірдей қолдады.

 

Сонымен қатар, «Тумба» газетінің редакциясына қайырымдылық акциясын өткізуді қолға алғаны үшін алғыс айтамыз. Біз барлық мекемелерді осындай бастамаларды қолдауға шақырамыз, себебі балаларға қанша жерден көңіл бөлсек те, артық етпейді», - деді агенттіктің аумақтық департаментінің баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

 

 

Сонымен қатар, уәкілетті орган жаңа жылдық сыйлықтардан да бас тартуға кеңес берді. Бағалы сыйлықты айтпағанда, күнтізбе мен апталық (еженедельник) берген жағдайда да алмаған дұрыс екендігін айтады. Себебі олардың бағасы әр түрлі болады. Ал тәртіпке бағынбай сыйлық алғандарға, кемінде айыппұл салынады.

 

Жалпы заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге заңды және жеке тұлғалардан сыйлық алуға тыйым салынған.

 

-Мемлекеттік қызметшілер көбіне сыйлықтың келіп түскенін білмей жатады. Бұл жағдайда сыйлық жеті күн мерзімде Маңғыстау облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсырылуы тиіс.

 

 

Ал өзіне келіп түскен сыйлықты жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан нарықтық бөлшек сауда бағасымен сатып алуға құқылы, - деді Нұрбол Долдашев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттер департаменттің баспасөз қызметінен алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему