Маңғыстаулық полицейлер 500 келіге жуық бекіре балығымен браконьерді ұстады
22 Декабря 2018 (17:30) | 1513 | Автор: Нурганым Имашева
«Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері бір браконьерді ұстап, одан жалпы салмағы 459 килограмм бекіре балығын тәркіледі», - деп хабарлады біздің басылымға облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
-18.12.2018 жылы шамамен 15.00 сағатта Ақтау қаласының Ішкі Істер Басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 14 шағынауданындағы бір пәтерде бекіре тұқымдас балығының заңсыз саудасы жүргізілетіні туралы хабарлама келіп түсті.
Тәртіп сақшыларының тінту жасауы барысында 18.12.2018 жылы 14 шағынауданындағы №60 үйдегі пәтерден 3 мұздату камерасында 125 дана бекіре балығы табылды. Оның жалпы салмағы 459 кг құрады,- деп мәлімдеді облыстық полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметінің Табиғат қорғау полициясының бастығы Бекқали Алдабергенов.
Маңғыстау облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бұл факт Ақтау қаласының Ішкі Істер Басқармасының сотқа дейінгі тергеу-тексерудің Бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 339 бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді.
Тиісті сараптамалар жасалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде».
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему