Маңғыстау облысы Жергілікті полиция қызметінің Жол-партульдік полициясына «Скат» құрылғысы алынды
19 Декабря 2016 (10:46) | 2379 |
Автор: Нурганым Имашева
Облыс аумағындағы маңызға ие тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін анықтау мақсатында, Маңғыстау облысы Жергілікті полиция қызметінің Жол-партульдік полициясы кешенді және мақсатты жұмыс атқаруда.
Құқықбұзушылықтың алдын алу және анықтау жұмыстарының көрсеткіштерін жоғарылату – материалдық-техникалық базаны жақсартуға, жаңа технологияларды енгізуге тікелей байланысты.
Осы мақсатта, Жергілікті полиция қызметіне жергілікті бюджет есебінен әрқайсысының құны – 16 млн. 600 теңгені (жалпы құны – 50 млн.) құрайтын, 3 дана «СКАТ» құрылғысы сатып алынды.
«Скат» бейне-бақылау және тіркеу құрылғысы Ресей Федерациясында жасалған.
Құрылғының өзіндік артықшылықтары:
- жолда жүру ережесін бұзған автокөлік тарапынан орын алған құқықбұзушылықты анықтап, автоматты түрде бейне-жазбасын тіркейді;
- ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес, көлік жүргізушісіне айыппұл хаттамасын дайындайды;
- жол ережесін бұзған көлік иесіне әкімшлік хаттама тұрғылықты мекен-жайы бойынша жазбаша хат түрінде жолданады;
- жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің тіркелген құқықбұзушылық бейне-жазбасын жоюына мүмкіндік жоқ және тіркеу орталығына құрылғының өзі жолдайды. Полиция қызметкері тек құрылғыны бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік бар;
- Адами факторлар, яғни, тәулік ауысымы, күннің ауа-райына қарамастан жұмыс жасайды.
-«Скат» құрылғысы облыстағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелерге және қала/ауданішілік Жергілікті полиция қызметі бекіткен кестеге сәйкес қойылып, орналасу орны өзгертіліп отырады.
Құрылғы сатып алынғаннан соң, тесттік-режимнен өтті. Нәтижесінде, 3 сағаттық жұмыс ішінде 1 құрылғының көмегімен 224 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Тіркелген құқықбұзушылықтардың айыппұл сомасы – 7,5 млн.құрайды.
Көлік иелері үшін жолда «Скат» құрылғысының жұмыс жасап тұрғаны туралы ақпараттық стэндтер жақын арада орналастырылады.
Маңғыстау облысының Жергілікті полиция қызметі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатындағы жұмыстарды жандандырады және тағы да басқа жаңа технологияларды сатып алу жоспарда бар, - дейді біздің басылымға осы ақпаратты жолдағанМаңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қоғаммен байланыс маманы Бауыржан Әнуарбек.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему