«Cisco» компьютерлік зертханасы ашылды
21 Декабря 2018 (11:19) | 1604 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нури Тумышев «Yessenov University»-де «Cisco» компьютерлік зертханасының ашылу салтанатына қатысты.
Бұл - білім ордасындағы компьютерлік инжиниринг кафедрасында оқитын студенттерге арнайы жасақталған жаңа заманауи зертхана болып табылады. «Cisco» IT-технологиялар саласындағы жетекші компаниялардың бірі және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына аясында жүзеге асырылады. Cisco - жоғары технологиялар саласында маманданған, өйткені осы зертханада білім алған студенттерге халықаралық сертификат беріледі.
Шараға «Yessenov University» ректоры Берік Ахметов, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері, білім ордасының оқытушылары және студенттер қатысты.
Зертхананың ашылуында сөз сөйлеген Нури Тумышев, бұған дейін бірқатар оқу орындарында тегін IT-сыныптардың ашылғандығын айтып өтті және бұл бастамалар «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде әлемнің көптеген елдерінде сауатты инженерлер мен IT-сала мамандарының жетіспеушілігі байқалады. Күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқандығына қарамастан, бұл мамандық иелері әлі де сұранысқа ие.
Қазіргі қоғамда ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық саласында ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамдағы ақпараттың таралу ауқымының тез өсуіне қазіргі заман адамының ақпаратпен жұмыс істей білу икемділігі оң ықпал етуде. Адам мүмкіндігінше көп мағлұмат алып, ақпаратты барынша көбірек игеруге талпына түсуде. Сол себепті осы саланы игеру маңызды және оған жастардың қызығушылығы күн санап арта түсуі тиіс. Ең бастысы қолына диплом алған мамандар жұмыссыз қалмауы керек. Ал білімді жастарға жұмыс қашан да табылатыны сөзсіз.
Қазіргі заманда кәсіпорын имиджі және сайты – кез-келген ұйымның болашағының бар немесе жоғын көрсетіп тұрғандай. Бұл ретте веб-дизайнер – ең жоғары төленетін «компьютерлік» мамандықтардың бірі болып қала бермек. ХХІ-ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деп бекер айтылмаса керек, бүгінгі күні әрбір компания өте жоғары жалақы мен мансаптық өсіммен ынталандыратын IT- бағыттағы қызметкерлерге зәру екендігі жасырын емес.
Әлемнің еңбек нарығы біз ойлағаннан да жылдам өзгере түсуде. Демографияның өсуі мен технологияның дамуынан 2020 жылға қарай 5 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін деген болжамдар жиі айтылып жүр. Қазіргі таңда дамыған елдердің өзі қай саланы меңгерген дұрыс деген сұраққа дөп басып жауап қайтара алмай әлек. Десе де, әлемдік нарықпен санасуға тура келіп тұр. Роботтық технологияның дамуына септігін тигізіп отырған IT саласының мамандары осыған дейін де сұраныста болса, кейін де сұраныстан түспейтіні анық.
Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Суреттерді түсірген автор
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему