28 маусым күні Сенат депутаттығына сайлау өтеді
24 Июня 2017 (13:18) | 2537 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысында Парламент Сенатының депутаттығына сайлау 28 маусым күні өтеді. Дауыс беру Шахмардан Есенов университетінің ғимаратында жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де басталады.
Қазір депутаттыққа кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуда. Айта кетсек, парламент сенатының депутаттығына Маңғыстау облысынан 5 кандидат тіркелген болатын. Бірақ сайлауға олардың екеуі ғана қатысады. Себебі, 2 кандидаттың құжаты талапқа сай емес, нәтижесінде тізімнен алынып тасталды, ал бір үміткер сайлауға түсуден бас тартқан. Сондай-ақ, сайлауға 5 халықаралық байқаушы қатысады.
Есен Күмісқали, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Бұл сайлауды бақылауға біздің отандық байқаушылардан басқа, 5 халықаралық байқаушы келейін деп отыр. Оның үшеуі РФ Татарстан Республикасынан, екеуі РФ Ставраполь өлкесінен келеді. Жалпы бұлар ТМД миссиясы атынан келеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему