«Цифрлы Қазақстан» - сот жүйесінде».
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 20:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Цифрлы Қазақстан» - сот жүйесінде».

10 Декабря 2018 (14:21) | 3567 | Автор: Нурганым Имашева

Жоғары технологиялардың дамуына ілесу үшін "Цифрлы Қазақстан" сынды бағдарламаның орны ерекше. Сот жүйесі – рухани жаңғыру аясында.

 

 

Елдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша цифрлы технологияға ең алғаш қадам басқан сот саласы болатын. Соған сай, сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды іс қағаздарын және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыстар атқарды.          Мәселен, «Сот кабинеті» сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Электронды сот ісін жүргізуді дамытуға, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында «Мобильді сот кабинеті» және «Процеске қатысушысының күнтізбесі» сервистері жұмыс жасауда.

 

«Мобильді сот кабинеті» сервисін кез-келген тұлға немесе адвокаттар өздерінің ұялы телефондарына қондыру арқылы Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі жаңалықтарды қарауға, онлайн режимінде жоспарланған сот отырыстары туралы ақпаратты (күні, орыны және уақыты), сот кабинеті арқылы сотқа ұсынылған барлық құжаттарды қадағалауға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндігі бар.

 

 

Сонымен қатар, бұл қызмет қолданушылары осы сервисте орналасқан чат арқылы хабар алмаса алады. «Процеске қатысушының күнтізбесі» функционалындағы сот процесінің қатысушы адвокаттың белгілі бір мерзімге бос болмауы туралы мәліметтерді енгізу үшін арналған, ол судьяға сот отырысының күні және уақытын белгілеген кезде іс бойынша қатысушылардың жоқтығын ескереді. Сондай-ақ тағайындалған сот отырысының күнін және шешім, қаулының заңды күшіне ену күнін көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азаматтартұтына алады.

 

«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған.

 

Раман КАЩИЕВ Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы

 

Сурет zakon.kz  сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему