Өрт сөндірушілер жылу түтін камерасында жаттықты
Курс валют в Актау
на 08/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
8 Мая, 05:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндірушілер жылу түтін камерасында жаттықты

10 Декабря 2018 (11:30) | 2475 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәлімдеуінше, «Жыл сайын Кәсіби дайындық мектебінің базасында Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің өр сөндірушілері оқытылады. Жыл басынан бері кәсіби дайындық мектебінің базасында 19 оқу тобы оқытылып, тыңдаушылар саны 192 адамды құрады».

 

 

Өрт сөндірушілердің психологиялық дайындығы мәселесі өрт күзеті қызметкерлерінің практикалық жұмысына көбірек көңіл бөлуіне байланысты. Біздің еліміздің өндірістік әлеуетінің артуы, әсіресе мұнай, газ, мұнай өңдеу, химиялық және басқа да жарылғыш және өрт қауіпті өндірістерді дамыту, жаңа жеңіл жанғыш материалдарды пайдалану, қаланың қарыштап дамуы, өртсөндірушілерді кәсіби даярлауға деген сұранысты арттыруда.

 

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамын қысылтаяң жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындау олардың моральдық және психологиялық қасиеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты. Өрт сөндірушіні қызметке қабылдаған алғашқы күннен бастап оның өмірі үшін қиын, қауіпті жағдайларда әрекет етуге жауынгерлік тиімділік пен тұрақты психологиялық дайындыққа кепілдік беретін моральдық және психологиялық қасиеттерін қалыптастыру қажет.

 

Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндірушілердің жылутүтінкамерасында жаттығуы болып өтті.

 

Жылу-түтін камерасы-бұл жеке үй-жайда орналасқан тұтас жаттығу кешені. Ол құтқарушыларды тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын қолдана отырып, өрттегі жағдайға ұқсайтын жағдайларда, тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге практикалық дайындауға арналған.

 

Жылу түтін камерасы өрт пен түтінге ұқсайтын дыбысты имитациясы ұйымдастырылған үш қабатты лабиринті бар бірнеше негізгі бөліктерден тұрады.

 

 Қызметкер бейне желімдеу жүйесі арқылы екінші бөліктегі өрт сөндіру буынының әрекеттері мен қозғалысын бақылайды, шартты өрттің параметрлерін реттейді, жылу түтін камерасындағы желдеткіш пен жарықтандыруды басқарады. Мұнда резервтік, сенсорлық бақылау жүйесі және өрт факторларын имитациялауға арналған құрылғылар орнатылған.

 

Өртсөндірушіге бір нүктеден екіншісіне өту тапсырмасы беріледі. Ол бөлікке кіреді, жарық өшіріледі, бұл ретте түнгі көру құралдары жұмыс істей бастайды. Үй-жай түтінмен толтырылады, қатты шу пайда болады. Бұл жағдайда өрт сөндіруші белгілі бір тапсырманы орындайды. Бұл болып жатқан психологиялық және физикалық жүктеме барлығы бейнекамераларға жазылады. Осындай жаттығулар барысында газ-түтіннен қорғаушылар кәсіби дағдыларды жетілдіріп, білім мен тәжірибені ұштастырады.

 

Түтін камерасында жаттығу кезінде модельденген жағдайлар жауынгерлік жұмыстың нақты төтенше жағдайларына жақындады. Оларға қауіптілік, барынша ұзақ физикалық және эмоциялық жүктемелер қатері элементтері енгізілген. Осының барлығы өрт сөндірушілердің күш-жігеріне, ақыл-ой қабілеттеріне және еркіне толық күш салуға мүмкіндік береді.

 

Суретті түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему