Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Маңғыстау ауданы активімен кездесті
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 03:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Маңғыстау ауданы активімен кездесті

4 Декабря 2018 (10:41) | 2667 | Автор: Нурганым Имашева

Облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев жұмыс жоспары бойынша аудан, қалаларды аралап, халықпен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдаулар өткізуге кірісті.

 

 

Маңғыстау ауданына сапар барысы аудан активімен кездесуден басталды. Ержан Даулиев халықтың сапалы сот төрелігіне сұранысын қанағаттандыру басты міндет екендігін айтып, «Сот жүйесін жетілдірудің 7 түйіні»  аясында  іске қосылған пилоттық жобаларды таныстырды.

 

 Сонымен бірге ол қоғамда дауды азайту және татуластыру рәсімдерін арттыру мақсатында Маңғыстау облыстық соты мен облыстық әкімдік өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Маңғыстау ауданында медиация кабинеті ашылғанын, «Билер кеңесі» құрылғанын, бұл  аудан тұрғындарына дауларды реттеу туралы оңтайлы, қолайлы шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Кездесу барысында қатысушыларға «Түнгі сот», «Судья көмекшісі», «Виртуалды сот» пилоттық жобаларының маңыздылығы туралы түсіндіріліп, сот отырыстарына ұялы телефонға қондырылған арнайы бағдарлама немесе бейне байланыс арқылы онлайн қатысуға мүмкіндік бар екені айтылды. Сот төрағасы дауларды азайту мақсатында ауданда, ауылдарда билер сотын жандандырып, бітімгерлік рәсімін насихаттауға шақырды.

 

 

Одан әрі Ержан Даулиев аудандық соттың жұмысымен танысып, судьялар мен сот қызметкерлерінің мәселелерін тыңдады. Аудандық соттың төрағасы Жұмабай Жанәділов сот ғимаратындағы мұражай қорын толықтыру жөнінде ұсыныс білдірді. 

 

Осыдан кейін облыстық сот төрағасы түрлі мәселелермен сотқа келген азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Көшпелі қабылдауға келген аудан тұрғындары сот процестерінің ұйымдастырылу тәртібіне қызығушылық танытып, алимент, қарыз өндіру, еңбек дауына қатысты мәселелерін айтып, жекелеген істерге байланысты сұрақтарын  қойды.

 

- Облыстық сот төрағасының осындай іс сапарлары алдағы аптада облыстан шалғайда жатқан Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандары мен Жаңаөзен қаласында жалғасады, -деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему