Бостандыққа қарызсыз мерзімінен бұрын шығу
20 Ноября 2016 (14:53) | 1778 |
Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Ақтау қаласының прокуратурасымен «Бостандыққа қарызсыз мерзімінен бұрын шығу» жобасы бойынша ведомствоаралық жиын өткізілді.
Аталған жиында сотталғандармен қылмыспен келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру мәселесі, қылмыстық заңнамада көзделген «жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату» және «жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру» тәртіптері түсіндірілді.
Сонымен қатар, түзеу мекемесінде жазасын өтеуші тұлғалармен жасалған әртүрлі тұрмыстық бұйымдарды айналымға енгізу мәселесі, сотталғандарды жұмыспен қамту, жұмыспен қамтылған сотталғандардың жалақыларынан мемлекетке және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды өндіру мәселелері, өнім өндіруші мекемелер мен жергілікті атқарушы орган арасында байланыс орнату мәселесі сөз етілді.
- Ақтау қаласында орналасқан 172/6 түзеу мекемесінде жеке кәсіпкерлердің арнайы ашып қойған цех және басқа да құрылғылардың көмегімен жазасын өтеп жатырған сотталғандар жұмыспен қамтылған.
Қазіргі таңда, түзеу мекемелерінен тұрмысқа қажетті әртүрлі заттар (
үстел, темір тор терезе, орындық, темірден жасалатын қажетті құралдар брусчатка және т.б.) шығарылады, - дейді Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ш. Балтабаев
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему