Маңғыстау соттары «Сот төрелігінің жеті түйіні» бойынша пилоттық жобаларды енгізуде
21 Ноября 2018 (14:17) | 3688 |
Автор: Нурганым Имашева
Сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің максималды ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Осы заманауи ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде сот саласы барынша ашық, әрі қолжетімді.
Егер де Сіз, объективті себептерге байланысты сотқа келе алмасаңыз, онда "TrueConf" бағдарламасы арқылы, үйде отырып немесе басқа қалада жүріп, смартфонның көмегімен сот процесіне қатысуға мүмкіндігіңіз бар.
Айта кету керек, пайдаланушы смартфонына "TrueConf" бағдарламасын жүктеп, орнату қажет. Бағдарлама Android операциялық жүйесінде "PlayMarket" ал, iPhone операциялық жүйесінде "App Store" қызметіндегі мобильді нұсқалар мен планшеттер үшін қолжетімді. Бұл артық рәсімдерден, қағаздардан, ұзын-сонар кезектен құтқарады.
Толығырақ ақпарат алу үшін, жергілікті аудандық соттарға хабарласуға болады.
Раман КАЩИЕВ
Маңғыстау облысы бойынша
соттар әкімшісінің бас маманы
Суретті ұсынған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қыметі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему