Ақтау қаласының аумағында заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік орталықтары анықталды
16 Ноября 2018 (11:31) | 2297 | Автор: Нурганым Имашева
Тонау және қарақшылық деректерінің алдын-алу мақсатында Ақтау қалалық ПБ-ның қызметкерлерімен қала аумағында заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік орталықтары анықталды.
- 10.11.2018 жылы Ақтау қаласы 7 шағын ауданда заңсыз букмекерлік орталығы анықталып, дүкен ішінен 22 дана монитор, 22 дана компьютер блогы, 21 дана тінтуір (мышка) және 2 дана кассалық аппарат тәркіленіп алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
- 12.11.2018 жылы Ақтау қаласы 5 шағын ауданда орналасқан шағын маркеттің бірінің жертөлесінде букмекер кеңсе орталығы заңсыз жұмыс істеп отырғаны анықталып, жертөле ішінен 21 дана монитор, 21 дана компьютер блогы, 21 дана тінтуір (мышка), 2 дана кассалық аппарат, 4 дана теледидар және де 2 дана ойын терминал аппараты тәркіленіп алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қалалық Ішкі Істер Басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Ақтау қалалық Ішкі Істер Басқармасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему