Кім кінәлі?
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 14:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кім кінәлі?

20 Марта 2018 (20:08) | 1908 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақтағы мал құтыруына қатысты маманның пікірі

Облыста малдың құтыруы індеті пайда болғалы бірнеше айдың жүзі өтті.

Маңғыстау өңірлік коммуникациялар қызметінде 16 ақпанда өткен брифингте облыс әкімдігі мен ветеринарлық бақылау саласы мамандары бұл туралы ашық айтты.

 

 

БАК өкілдеріне арналған аталмыш баспасөз мәжілісінде :

 

- 8 желтоқсаннан бастап Жармыш ауылынан 5 патологиялық материал келіп түсті: үш түйе, бір сиыр және бір жылқы. Олардың екеуі оң нәтиже көрсетсе, қалған екеуінен ауру анықталмады. Ал біреуі әлі зертханада тексеріліп жатыр. Қарақия ауданынан түскен сынамалардың үшеуінен ауру диагнозы анықталып отыр. Жалпы 45 материал: 23 түйе, 9 бас ірі мал, 4 жылқы, 4 ит және жыртқыш аңдардан алынды, — деп атап өтті «Республикалық ветеринарлық зерхана» РМК Маңғыстау облыстық филиалының директоры Орысбай Мүйімов.

 

Аталған брифинг өткелі де міне, арада 1 ай уақыт өтті. Осы уақыттың ішінде де облыс аудандарында бірнеше малдың өлгені туралы хабар таратылып жатыр. Ал сол мал өлген жерлерде қазіргі таңда қандай шаралар атқарылуда, өлген малдардың өлекселері талапқа сай жойылып жатыр ма? Бұл жөнінде БАҚ арқылы таратылған ресми түрдегі мәліметтерді көрген емеспіз.

 

Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының бұрынғы қызметкері, аймақтың ветеринария саласының ардагері Рухия Жакенқызы Алдоңғарова өңірдегі малдың құтыруының пайда болу себептері туралы өз пікірін білдірді.

 

Әлеуметтік желілерде өз пікірлерін білдіріп жатқан аймақ тұрғындары өңірдіңэпизоотиялық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұрғаны жайлы айтып, мазасыздануда.  Өйткені, адамның денсаулығы күнделікті тұтынып отырған азық-түлігі, яғни  өнімін қорек етіп отырған малдың кез-келген ауруына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Үй жануарларының кейбір сырқаттары адамның тұмаумен ауырғаны сияқты аса қауіпті болмай, өздігінен не болмаса емдеудің нәтижесінде жазылып кетер болса,. мал ауруының кейбірі, мысалы, малдың құтырып ауруы орын алған жағдайда оны емдеуге тыйым салынады, ондай мал тез арада көзі құртылып, адамдарға және өзге малдарға ауруының жұқпауы қадағаланады. Ірі қарада болатын сібір жарасы сырқаты кезінде де қауіпті болуына байланысты ауру малдың еті мен сүтін пайдалануға болмайтыны ескертіледі.

 

Мал ауруларының көпшілігі медициналық тексеруді, яғни мал дәрігерінің тікелей араласуын қажет етеді.Эпизоотия жағдайы туындаған кезде көптеген карантиндік шаралар қолға алынуы тиіс: ауру малдың сырқаты сау малдарға таралуын болдырмау қажет, ол үшін малдарды оқшаулап, қоршаулар жасап, дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Ауру малды емдеу қолға алынып, ал қажет болған жағдайда олар тіпті жойылуы да керек. Ал бізде, қазір қандай жағдай орын алып отыр? Өлген малдарды жоюмен кімдер айналысуда? Оларды кім, қалай, қайда апарып жойып жатыр? Бұл сауалдарға жауап беріп, халықты ақпараттандырып жатқан ешкімді де көргеніміз жоқ арада бірнеше ай өтсе де?

 

 

КТК телеарнасының өңірдегі тілшісі түсірген телесюжеттен құтырудан өлген жануарлар тек түйелер ғана емес, сонымен қатар ондаған жылқы малының да өлекселерінің жайылымда шашылып жатқанын жаңалықтардан тек Маңғыстау ғана емес бүкіл Қазақстан көргені анық. Алайда, әлі күнге дейін жауапты тұлғалар тарапынан бұл жөнінде халыққа мардымды мәлімет берілген емес. Ақпан айында өткізілген брифингтен кейін де бір ай уақыт өтті, осы аралықта да облыс бойынша бірнеше малдың өлгені туралы ел арасында әңгіме айтылып та жатыр.

 

Аймақтың ветеринария саласының ардагері Рухия Алдоңғарованың айтуынша, «Осы күнге дейін мал өлімінің тоқталмауына қарағанда малды дер кезінде жұқпалы ауруларға қарсы егудің өз дәрежесінде жүргізілмегені ең үлкен қателік болып отыр. Бұл тұрғыда өңірдің атқарушы органдары өз міндеттеріне салғырттықпен қарағаны анық. Себебі мал ауруының және өлімінің алдын алу, оны болдырмау амалдары жүргізілмеген».

 

 -Өзім облыстың ветеринария саласында 40 жылдан астам қызмет еткендіктен, маған бұл саланың жұмысы өте жақсы таныс. Облыстағы бұл құрылым жыл өткен сайын, өкінішке орай, нашарлап, ыдырап бара жатқаны ешкімге жасырын емес. Бұрын облыста бір ғана орган – МҚКК Маңғыстау «Ветсервис» аталған аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы бар болатын. Бұл инспекция дезинфекция, мал ауруларының алдын алу, егу жұмыстары, қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою, сонымен қатар ішкі сауда нысандарында мал өнімдері мен шикізатының ветеринарлық-санитарлық сараптамасын жасау жұмыстарымен айналысатын.

 

2014 жылы инспекцияның кейбір міндеттері атқарушы органға жүктелді. Өз кезегінде базарлардағы сараптаманы жүргізу міндеті бәсекелестік ортаға, яғни жекеменшік құрылымға берілді. Мұның өзі - үлкен қателік болды. Себебі қателік жіберілгені анықталса, кім жауапты болмақ? – деген сауалды көлденең тартады таңданып, әрі қынжылысын жасырмаған Рухия Жакенқызы.

 

Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда атқарушы органның әрекетін жүзеге асыруда өзекті мәселелер орын алуда. Яғни, облыста мал санын есепке алу жоқ, әрі мал ауруларын болдырмауға бағытталған дер кезінде екпе жұмыстары да жүргізілмеген және сонымен қатар бірнеше ведомствоның арасында өзара міндеттерді нақты бөлу де болмай отыр.

 

Ветеринария саласы ардагерінің пікірінше, облыста мал шаруашылығын бақылауды бір ғана атқару органы жүзеге асыруы тиіс. Оның құзыретіне барлық ветеринариялық мәселелер кіріп, солардың қатарына ішкі сауда орындарындағы сараптама жасау жұмысы да енуі тиіс.

 

 

Рухия Жакенқызы осы күнге дейін өлген малдардың қалай жойылып жатқанына және малды егуге арналып бөлінген ақша қаражатының да мақсатты жұмсалуына алаңдаушылық танытты.

 

Ал бәз біреулердің өз міндеттеріне салғырттық танытуының салдарынан қолындағы малынан айырылған халықтың жағдайы кімді алаңдатуы тиіс? Материалдық шығынға ұшыраған ауыл тұрғындарының шығынын кім өтеуі қажет? Жауапты тұлғалар неге осы күнге дейін үнсіздік танытуда? Осындай жағдайдың орын алуына кімдер кінәлі? –деген сан сауалдарға жауап берер жауапты тұлға табылар деген үміттеміз.

 

Сурет автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему