Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды
15 Ноября 2018 (09:42) | 2761 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99-бабының 2 бөлігінің 9 тармағымен (бұзақылық ниетпен адам өлтіру) С-ға, ҚР ҚК-нің 293-бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен (суық қару қолданып бұзақылық жасау) Т. мен Ш.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.
Сот отырысының барысына БАҚ өкілдері мен қоғамдық бақылаушылар қатысты.
Сотта анықталғандай, 20.07.2018 жылы кешкі сағат 20:30 шамасында Ақтау қаласы 6 шағынауданда орналасқан "Хорошее Заведение" караоке барында бірнеше жігіт бір-бірімен сөзге келіп, келіспеушілік соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде сотталушы С. жәбірленуші Д.-ның сол жақ аяғының санына, яғни үлкен күре тамырына күштеп бірнеше рет пышақ тығып, оның қайтыс болуына жол берген.
Сонымен бірге осы бардың қызметшісі мен тағы бір азаматқа денсаулықтарына жеңіл дәрежеде зиян келтірген. Айта кету керек, оқиға салдарынан қайтыс болған азамат Республикаға танымал көңілді тапқырлар клубының ақтөбелік ойыншысы болған.
Сот үкімімен, С. ҚР ҚК-нің 99-бабының 2 бөлігінің 9 тармағымен (бұзақылық ниетпен адам өлтіру) кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы;
Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 293-бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен (суық қару қолданып бұзақылық жасау) кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы;
Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 293-бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен (суық қару қолданып бұзақылық жасау) кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, қайтыс болған азаматтың әйеліне С.-дан 3 млн теңге, Т.-дан 500 мың теңге, Ш.-дан 500 мың теңге моральдық зиян сомасы өндірілді.
Сол сияқты оқиға орнында төбелес салдарынан денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келген екі азаматтың біріне сотталғандардан (осужденные) ортақ түрде 100 000 теңге, екіншісіне 50 000 теңге моральдық зиян сомасы өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Үкімге келіспеген тараптар 15 күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым не қарсылық келтіре алады.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Мадина Ахмедова
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему