Сүйікті тәрбиешіге арналған алғыс
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сүйікті тәрбиешіге арналған алғыс

9 Октября 2018 (10:24) | 159035 | Автор: Нруганым Имашева

Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін «Ұстаздар күніне» орай ата-аналар тарапынан балаларының алғашқы мұғалімі, тәрбиешілеріне деген ыстық ықыласқа толы алғыс хаттар легі толастар емес. Солардың бірі - Ақтау қаласының №37 «Мәншүк» балабақшасының тәрбиешісі  Сейтмагамбетова Алдина Рахметовнаның атына айтылған жылы лебіздер мен сан алғысқа толы  хат № 12 «Сұңқар» ересектер тобының ата-аналарынан келген екен.

 

 

Бауыр еті балаларының сүйікті тәрбиешісі болып табылатын Алдина Рахметовнаға арналған ақ тілектер мен ізгі ниетті, шынайы ризашылық пен ақжарма алғысты арқалаған осынау хаттың өне бойы ыстық ықыласқа, риясыз сыйластық пен құрмет сезімдеріне толы екені бірден көзге шалынып, көңілге қонды. Сол себепті де аталған мектепке дейінгі мекеменің № 12 «Сұңқар» ересектер тобының тәрбиешісі Сейтмагамбетова Алдина Рахметовнамен жолығып, тәрбиеленушілерінің кішкентай жүректерінің төрінен орын алған педагогтың ата-аналар мен балалардың арасында осындай жоғары сый-құрметке бөленуінің сырын ұғуға тырыстым. № 37 « Мәншүк» балабакшасында 3 ші жыл енбек етіп жатқан бала жанының бағбаны өзі туралы сауалыма:

- Мен ұстаздар әулетінде дүниеге келдім. Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандаған едім. Осы арман, мақсатпен Гуманитарлык колледждің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімін бітірдім. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту саласында 11 жылдан аса еңбек етіп келемін.

 

 

Тәрбиеші мамандығын таңдау себебім, ол - өте қызықты мамандық, сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, ал мен болсам олармен бірге өмір сүремін, табыстарына қосыла қуанамын.

 

 Мен жаhандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздін ертеңгі күні алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен қатар, оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын,- деп жауап берді.

 

Мамандық таңдау сәтінде жаңылмағанын Алдина Рахметқызының өз кәсібі туралы әңгімелеген кездегі көзіндегі жалыны мен шынайы сезімге толы толқынысы анық сездіріп тұрды. Бала тәрбиесіне қатысты ойларымен және өзінің өмірлік ұстанымы туралы пікірімен бөлісуін сұрағанымда ол:

-Менің өмірдегі ұстанымым - жүрек қалауымен таңдаган мамандығым – тәрбиешілік жұмысыма жауапкершілікпен карау. Тәрбиеші болу  - жай гана мамандық иесі болу емес. Ол - адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі.

Мен осы балабақшада үшінші жыл енбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені мен өзімнің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ен бір бағалы уақытым, бакытты кездерім деп айта аламын,- деді толқып, ерекше сезіммен.

 

 

Орал қаласындағы Батыс Қазақстан Инновациялық- Технологиялық Университетін биыл тәмамдап, жоғары білім иесі болғалы отырған тәрбиеші Сейтмагамбетова Алдина, сонымен қатар Ақтау қаласының балабакшалары арасында өтетін түрлі сайыстарда жүлделі орындар алып жүрген білікті маман. Өзі жетекшілік ететін ересектер тобындағы балғындарға тәлімді тәрбие берумен қатар бала санасында мектепке дейінгі білімнің негізін қалауда аянбай тер төгіп жүрген педагог жайлы біздің басылымға жолдаған хатында № 12 «Сұңқар» ересектер тобының ата-аналары жарыса пікір білдіріп, өз алғыстарын жаудырыпты. Солардың кейбіріне тоқталсақ:

-Менің қызым Арудың осы айда тура 2 жыл болды Алдина апайында тәрбиеленіп жүргеніне. Онын алдында 8 ай «Хиуаз» балабақшасына барғанбыз. Одан бұрын 1 жасынан бастап жекеменшік балабақшаға барды. Алдина апайына келгеннен тілі тез шығып сөйлеуі, тәрбиесі жақсы жағына өзгерді. Билеп, өлең айтуды үйренді. Көп нәрсені үйренді,- дейді Дулат Ару есімді тәрбиеленушінің анасы Таджиева Бакытжан.

 

 

Адилова Амина есімді бүлдіршіннің анасы Адилова Нұргүл:

 -Алдина апайға Аминаның барғанына 3 жыл болды, бақшаның алғашқы ашылған күнінен бастап барамыз, сол группада Алдина апайымыз қабылдап алды, әлі жетектеп келеді. Өз мамандығының шебері, балаларға тәртіп жағынан ұрысса да орнымен айтып түсіндіреді қателіктерін байқаса, өзімізге ұнайды апайымыз. Кейде кызымды апайына ұқсайды деп қызықтаймыз. Балабақшада қандай мерекелік шара өтсе, сол мерекелік шарадан топтын қалғанын көрмедім. Апайының жанындағы көмекшісі де ауысканымен, балаға деген жақсы қарым-қатынаста. Біздің қызымыз апайдын барлык кылығын салып келеді, сөзін де өзін де салады. Өскенде апай болам дейді. Сол салған қылықтарынан ешқандай жағымсыз қылық көрмедік. Ұстаздар күні құтты болсын,-десе, тағы бір ата-ана: «Ұлым Аманғалиұлы Амир «Мәншүк» балабақшасына 3 жасынан бастап барды. 6 -шы топта Алдина апайы қабылдап алды. Ұлым  апайын қатты жаксы көреді. 1 жыл бұрын орыс тілінде оқытатын топқа ауыстырамыз дегенде ұлым «Алдина апайдан басқа апайға бармаймын» деп жылады. 3 жылдың ішінде Алдина апайынан көп нәрсе үйренді. Ұлымнын Алдина апайына көп рахметімді айтамын, балапандарымызды бөлмей, бәріне бірдей қарап, саналы тәрбие бергені үшін. Сізді ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймыз»,- дейді ағынан жарыла.

 

 

-Алдина Рахметқызына қызым Ақниет 2 жас 6 айдан бастап барды. Балабақшаға барған кезден бастап осы апайын қатты жақсы көреді. Оқытқан сабақтарын, айтқан сөздерін қайталайды. Өзінен кіші сіңлісіне Алдина апайына ұқсап  сабақ үйретеді, тәрбиешісінің жүріс-тұрысын, іс-қимылын салады. Балабақшаға барам деген айқайлар да болып жатады. Апайына Алла күш берсін!!!- депті Ақниет есімді бүлдіршіннің анасы.

 

«Қызым  Шұғыла балабақшаға 2 жас 6 айынан бастап барды, баска апай керек емес дейді!»-депті Шұғыла есімді тәрбиеленушінің анасы.

-Мен Алдина апайды жақсы көремін, себебі менің ұлым Алдина апайын өте қатты жақсы көреді. Екі жыл болды менің баламның балабақшаға барғанына. Алдина апайы бар кезде бақшаға қуана-қуана барады. Тек жақсы сөздер айтады: «Алдина апай мақтады, Алдина апай құшақтады» деп келеді.

 

 

Баламның осындай мейірімді, жаны жайсаң, кішіпейіл, мәдениетті тәрбиешісінің болғанына қуанамын. Алдина апайымызға мықты денсаулық, еңбегіне мол табыс тілеймін,- деген ақжарма тілегін арнапты Нуретова Диана есімді ата-ана.

 

«Бала жанын терең ұғына білетін, талапшыл, мәдениетті, кішіпейіл, ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орната білген балаларымыздың тәрбиешісі Алдина Рахметқызының жақсы қасиеттерін өз перзенттеріміздің бойынан танып, көріп отырамыз.  Кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, Сейтмагамбетова Алдина Рахметовнаға № 12 «Сұңқар» ересектер тобының ата-аналары атынан шынайы алғысымызды білдіреміз және ел ертеңі-жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегіне жеміс тілейміз»,- деп аяқтапты риясыз ризашылыққа толы хатты ата-аналар  қауымы.

 

Суреттерді ұсынған №37 «Мәншүк» балабақшасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему