Балғындар Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойын тойлады
23 Сентября 2018 (16:52) | 3229 | Автор: Нруганым Имашева
11 шағынауданда орналасқан №24 балабақшада Ақтау қаласының 55 жылдығына арналған «Туған күніңмен, Ақтау!» атты мерекелік шара өтті.
Мерекеге Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-сі ҚХА құрылымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Абдуллаева Самира қатысты.
Сонымен қатар Т.Г.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Кравченко Людмила Федоровна, Бірлестік өкілі Любовь Филипповна, «Русское землячество» орыс қоғамдық бірлестігі, «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшелері Газибекова Ардақ және Газибекова Гүлжазирада кеш қонағы болды.
№24 балабақша балалары келген қонақтарға арнап концерттік бағдарлама көрсетті. Мерекелік шарада алғаш құттықтау сөз «Қоғамдық келісім» КММ-сі ҚХА құрылымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Абдуллаева Самира ханымға берілді.
Мерекелік шара барысында өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін көрсету мақсатында көрме жасақталды.
«Русское землячество» орыс қоғамдық бірлестігінің өкілі Погарелова Галина Владимировна «Живи Актау» әнін орындаса, Людмила Федоровна Кравченко, Газибекова Гүлжазира Ақтау қаласының 55 жылдығына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, кеш меймандарына жақсы көңіл күй сыйлады.
Шара соңында этномәдени бірлестіктері №24 балабақша ұжымына мерекелік шараның жоғары деңгейде өткені үшін алғыстарын білдірді.
Суреттер автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему