Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір мемлекеттік органның міндеті
14 Сентября 2018 (09:27) | 6394 | Автор: Нурганым Имашева
Сыбайлас жемқорлық бұл әлеуметтік–экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болғандықтан, әрбір мемлекеттік орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын алуға міндетті болып табылады.
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы бойынша 49 штаттық мемлекеттік қызметкер, оның ішінде бүгінгі күнде 45 қызметкер қызмет атқарады.
Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясына қарасты қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар бойынша – үнемі семинар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Сонымен қатар инспекция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың салдары және оған бармау жөнінде апта сайын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы ғимараты қабырғасында LED-экранда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен келісілген видеороликтер көрсетіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны жазылған арнайы ақпараттық парақшалар ілінген.
Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары карантинге жатқызылған өнімдерді (өсімдік тектес) экспортқа шығару мақсатында фитосанитариялық және облыс аралық тасымалдау үшін карантиндік сертификаттарды рәсімдеу және ғылыми-зерттеу мақсатында, карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге келісім беру жөніндегі тәртіптері түсіндірілген, арнайы ақпараттық стендтер қойылған. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет түрлері уақытылы, еш кедергісіз көрсетіледі.
Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі болар, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын бірде-бір іс-әрекеттер тіркелген жоқ.
Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Маңғыстау облыстық аумақтық
инспекциясы басшысының м.а Қ. Садинов
Сурет «Өскен өңір»
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему