М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншілері Бейнеуде өнер көрсетті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншілері Бейнеуде өнер көрсетті

23 Января 2018 (00:01) | 2939 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Бейнеу ауданының орталығында және ауданға қарасты Боранқұл ауылында «ҚР Мәдениет саласының үздігі» атағының иегерлері Асқар, Асанәлі Көшеровтердің «Отаным менің»  атты ән кеші ұйымдастырылды.

 

 

Концерт М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының сүйемелдеуімен өтті.

 

Ән кешін аудан көлеміне іссапармен барған аймақ басшысы  Е.Тоғжанов, Бейнеу ауданының  әкімі  Б. Әбілов және облыс әкімдігінің кейбір атқа мінерлері де тамашалады.

 

«Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының директоры Бекбол Таңатарұлы Базарбаев:

 

-Бұл өнер кеші Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан тұрғындары үшін ұйымдастырылған болатын. Концерт жоғары деңгейде өтіп, өнерпаздар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

 Аудан тұрғындары  көптеген Халықаралық байқауларда, гастрольдік сапарларда  аймақ өнерінің абыройын асқақтатып жүрген өнер майталмандары, өздерінің әуезді үндерімен көрермендердің жүрегінің төрінен орын алған талантты әншілер Асқар, Асанәлі Көшеровтердің өнеріне тәнті болды.

 

Сонымен қатар, «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының өнері де бейнеулік талғамы жоғары өнерсүйер қауымның көңілінен шықты. Мұндай өнер кештері аймақтың өзге аудандарында да өз жалғасын табады,-деп мәлімдеді.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық филармониясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему