Маңғыстау жастары Каспий жағалауында көшпелі кеңес алаңын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 02:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау жастары Каспий жағалауында көшпелі кеңес алаңын ұйымдастырды

24 Августа 2018 (12:02) | 2010 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай, 2018 жылдың 23 тамыз күні сағат 19-00 де теңіз жағалауында «Кеңес алаңы» жобасы аясында жастарға жұмысқа орналасуға жәрдем беру, құқықтық және әлеуметтік кеңес беру, діни экстримизмнің алдын – алу, психологиялық және медициналық көмек, кәсіпкерлікті қалай бастау жөнінде және баспаналы болу үшін қандай мемлекеттік бағдарламаларға назар аудару керектігі туралы кеңес беру мақсатында, жастарға қолдау көрсету бағытында арнайы көшпелі кеңес беру шарасын ұйымдастырды.

 

 

Жастар және қала тұрғындарымен кездесуге: Ақтау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығы, Маңғыстау облысының «Жаңа Серпін» орталығы, «Даму» қоры Маңғыстау облыстық аймақтық филиалы, Маңғыстау облысының дін басқармасы, № 1 Ақтау қалалық емханасы, «Freedom finance» қаржылық қоры және ҚР Ұлттық банкінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының өкілдері мен «БанкЦентрКредит» АҚ-ның, сонымен қатар Маңғыстау облысының салауатты өмір салтын ұстану орталығының мамандары арнайы шақырылды. 

 

Көшпелі кеңес алаңын ұйымдастырудағы шараның мақсаты туралы Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген:

-Жыл басынан бері «Кеңес алаңын» ұйымдастыруды жоспарға енгізген болатынбыз. Жобаның басты мақсаты – жастарды мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, олар ұсынатын мүмкіндіктерді түсіндіру. Жұмыспен қамту бағытындағы оң өзгерістерден хабардар ету.

Діни экстермизмнен бойды аулақ ұстап, кәсіп ашу тетіктерін үйрету. Төмен мөлшермен несие алып, іс бастауына жол ашамыз. Көпшілікті Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» негізінде жүзеге аса бастаған «7-20-25» бағдарламасы қызықтырып отыр. Бұл салаға қатысты сұрақтарғаҚР Ұлттық банкінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының өкілдері менекінші деңгейлі банк қызметкерлері жауап беріп жатыр.

Сонымен қатар көшпелі кеңес алаңын ұйымдастыру арқылы түрлі саланың мамандарын қатыстыра отырып, қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға жан-жақты кеңестер беруді көздеп отырмыз.

Біз бұл жобаны әр түрлі форматта өткіземіз. Жыл басынан кеңес беруді бері адамдар көп жиналатын әлеуметтік кешендер мен сауда орталықтарында ұйымдастырдық, бүгін міне екінші мәрте қала тұрғындары мен жастар жиі бас қосатын теңіз жағалауында өткізіп отырмыз.

Алдағы уақытта аудандар мен ауылдарға баруды жоспарлап қойдық»,- деді.

 

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы Ақтау тұрғындарына бір мезетте түрлі саланың мамандарынан кеңестік көмек алу мүмкіндігін ұсынды. Бұл мүмкіндіктің әрбір адамның уақытты үнемдеп, өзін толғандырған өзекті мәселесі бойынша көкейінде жүрген сауалын кез-келген саланың маманына қою арқылы түйткілді мәселенің түйінін шешуге жол ашатыны анық.

 

Ұйымдастырылған шара барысында ҚР Ұлттық Банкінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының және «БанкЦентрКредит» АҚ-ның өкілдері Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша Қазақстан халқының тұрғын үйге қол жеткізуіне жол ашатын, «7 – 20 – 25» бағдарламасының жүзеге асырылу механизмдері, осы бағдарлама арқылы баспаналы болу үшін қандай қадамдар жасалуы тиіс деген мәселелер төңірегінде қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді және олардың сауалдарына жауап берді.

 

 

Баспана кез-келген адамның тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты қажеттілік деп санайтын болсақ, Президент ұсынып отырған жаңа бағдарлама тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін бұрынғыдан да жеңілдетейін деп отыр. Сондықтан, «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек? Бағдарламаға қалай қатысуға болады? Банктер тарапынан қандай құжаттар талап етіледі? деген сияқты кез-келген сауалдарға жауап іздеген Ақтау қаласының тұрғындары көшпелі кеңестің аясында баспаналы болудың түрлі мүмкіндіктері туралы банк өкілдерінің өз аузынан естіп, мол мағұлматтарға қанықты.

 

Көшпелі кеңес беру алаңында жастарға облыстық Дін істері басқармасының теолог мамандарынан діни тұрғыдағы туындаған сұрақтарға толыққанды жауап алу мүмкіндігі ұсынылды.

 

Сонымен қатар, шара барысында қала тұрғындары № 1 Ақтау қалалық емхана қызметкерлерінен денсаулыққа қатысты туындаған түрлі сауалдарына жауап алып, қан қысымын, салмақтарын өлшетті. Маңғыстау облысының салауатты өмір салтын ұстану орталығының психолог-маманына жүгінгендер өздерін толғандырған мәселелері бойынша кеңестер алды.

 

Өз ісін бастауға бет бұрып, алайда түрлі кедергілерге тап болып, кәсіпкерлікте табысқа жету мүмкіндігін таба алмай қиналып жүрген жастар «Даму» қоры Маңғыстау облыстық аймақтық филиалының өкіліне жолығу арқылы шара барысында өз мәселесінің түйінін шешуге бір қадам жақындай түсті.

 

 

Ақтау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығы мен Маңғыстау облысының «Жаңа Серпін» орталығы «екі қолға бір күрек таппай жүрген» қала тұрғындарына бос жұмыс орындарын ұсынатын мекемелердің тізімін ұсынып, мамандығын өзгертіп, жаңа кәсіпті меңгергісі келетіндерге арналған қайта даярлау курстары жайлы мәліметтермен таныстырды.

 

Кез-келген маманнан кеңес алу тегін түрде жүргізілді. Өзіне ұсынылып отырған тамаша мүмкіндікті жастар қуана қарсы алды, теңіз жағалауында серуендеп жүрген қала тұрғындары да бұл шарадан қалыс қалмады. Әркім өзіне қажетті маманың кеңесін толығырақ алуға тырысты.

 

Осылайша, облыстық жастар ресурстық орталығы Ақтау қаласының тұрғындары мен жастары үшін түрлі саланың мамандарымен бір мезгілде кездесіп, кеңес алу мүмкіндігін ұсынды.

 

Шара барысында 300-ге жуық қала тұрғыны түрлі мамандардың кеңесіне жүгінген.

 

Суреттерді түсірген облыстық жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему