Маңғыстау облысында құқықтық сауаттылық айлығы басталды
17 Апреля 2017 (13:04) | 2159 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесіп, дәріс оқыды.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева хабарлады.
Аталған іс-шараға сот төрағасы Ж.Аланов, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Ә.Ботабеков, облыстық соттың судьялары мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Кездесу барысында сот төрағасы қатысушыларға еліміздегі сот-құқық саласында орын алған жаңалықтар мен өзгерістер, заңдардың соттарда қолданылуы, сот жүйесінің заманауи жетістіктері туралы кеңінен әңгімеледі.
Жақсылық Рзабекұлы заң және құқықтану факультеттерінің студенттеріне судьялық қызметтің жауапкершілігі мен беделін, сот ісінің маңыздылығы мен күрделілігін де баяндады. Сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің талқылауында жүрген конституциялық реформа мен Елбасының биылғы Жолдауындағы өзекті мәселелер түсіндірілді.
Пікір алмасу кезінде студенттер қолданыстағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамалардың ерешеліктері, сот жүйесіндегі заманауи технологиялар, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар туралы көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толық жауаптар ала алды.
Қазақстанның қарқынды дамуы сот жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отырғандығын алға тартқан сот төрағасы:
-Ел болашағы жастардың қолында, демек, еліміздің тізгінін ұстайтын да сіздерсіздер. Сондықтан, уақытты құр жібермей, оқу оқып, білім іздеп, қоғамдағы жаңашылдықтарға бей-жай қарамаңыздар. Белсенді де білікті болыңыздар, - деп, жастарды өз ісінің нағыз майталманы болуға шақырды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему