Ақтауда әскери теңіз биатлонына қызу дайындық жүріп жатыр
4 Мая 2017 (17:25) | 2322 | Автор: Мира Ботабекова
Қазақстандық әскери теңізшілер «Теңіз кубогы - 2017» биатлонына қызу дайындық үстінде. Халықаралық теңіз ойындарына Ресей, Әзірбайжан және Иран Ислам республикасының жауынгерлік кораблдері қатысады. Байрақты бәсекеде ел намысын «Қазақстан» және «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемелері қорғайды. Отандық үлгідегі су көліктері Ақтаудағы әскери теңіз айлағында зәкірде тұр. Ал, жеке құрамы қаладағы оқу-жаттығу стансасында кеменің өміршеңдігін сақтауға бағытталған жаттығуларды пысықтап жатыр. Мұнан соң ашық теңізге шығып, су үстіндегі минаны атып жару, әуе және теңіз бетіндегі нысаналарды дәл көздеу секілді жауынгерлік ұрыс қимылдарына қатысады. Қазақстандық теңізшілер осыған дейін жаһандық теңіз биатлонына екі мәрте қатысқан болатын. Биыл айқын басымдықпен жеңімпаз атануға үмітті.
Дастан Қалиев, ҚР ҚК ӘТК 21814 ә/б командирі:
-Биыл эстафета қабылдаған Баку қаласына жол тартамыз. Осыған дейінгі теңіз ойындарында жүлделі екінші орындарға ие болған едік. Әзірбайжан мен Ресейлік теңізшілер халықаралық биатлонға бірнеше рет қатысып, мол тәжірибе жинақтаған. Десек те, намысты қолдан бермеуімізді іс жүзінде көрсету үшін тас-түйін дайындықпен барамыз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему