Экология департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқосу өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 23:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Экология департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқосу өтті

19 Июля 2018 (21:47) | 2355 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері көтерілді. Бұл туралы біздің басылымға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Басқосу барысында Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Долдашев өз баяндамасында мемлекеттік қызметті таңдаған адамның қоғамға үлгі болуы қажеттігіне ерекше тоқталды.

 

-Мемлекеттік қызметшіге қойылар талап жоғары. Әдеп кеңесінде біз мемлекеттік қызметшілерге қатысты түрлі жайттарды қарастырамыз.

 

Сіздердің алдарыңызға келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміздің негізгі мақсаты – қорқытып, үркіту емес, түрлі болып жатқан қитұрқы әрекеттерді мысал ретінде айта отырып, болуы ықтимал келеңсіз жайттардың алдын алу.

 Әдеп кеңесі мемлекеттік қызмешілерді айыптап, жазаға тартуды мақсат тұтпайды. Мәселенің анық-қанығына көзін жеткізіп барып шешім шығарады. Кінәлі болмаған жағдайда, негізсіз айып тағылған кездерде мемлекеттік қызметшінің құқығын қорғаймыз, - деді Нұрбол Амангелдіұлы.

 

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Шыңғыс Ибраев 2015-2025 жылдарға шақталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсат-міндеттері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

 

-Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде жемқорлық дертінің алдын алуға баса мән береді.

Қазіргі күні тәжірибе көрсетіп отырғандай профилактикалық жұмыстар неғұрлым жиі жүргізілетін елдерде парақорлық фактілері аз. Сондықтан біз күнделікті 4-5 ұжыммен кездесулер өткіземіз, - деді Шыңғыс Маратұлы.

 

 

Айта кетейік, Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің негізгі міндеттері – жобаларғамемлекеттік экологиялық сараптама жасау, табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне зертханалық талдау-бақылау жүргізу болып табылады.

 

-Экологиядепартаменті қауіпті қалдықтардың паспортын тіркеу, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру бағытында қызмет етеді.

Сондай-ақ, экологиялық заңнамалардың сақталуы, табиғат қорғау шараларының орындалуына, табиғат пайдаланушылардың жағдайларына және тәртіп бұзушылылықтарды түзетуге берген ескертпелерді орындауына бақылау жасайды.

Сондықтан да бұл саладағы жемқорлықтың алдын алуға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ерекше көңіл бөледі,- делінген Департаменттің баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему