Тәртіп сақшыларына «Астана-бірліктің, достықтың мекені» тақырыбында дәріс оқылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәртіп сақшыларына «Астана-бірліктің, достықтың мекені» тақырыбында дәріс оқылды

3 Июля 2018 (21:55) | 2390 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде  6-шілде – Астана күніне орай «Астана –бірліктің, достықтың мекені» тақырыбында сабақ өткізілді.

 

 

-Сабақтың мақсаты – Астананың бұрынғы келбеті мен қазіргі жетістіктері туралы өзге ұлт өкілдеріне  жеткізу, патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын, жерін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу болды.

 

Шара алдында Қазақстанның орталығы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының мәдени орталықтары мен ескерткіштерінің   фотосуреттері көрсетіліп, саяхат жасалды,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі..

 

Мұғалім Ж.Бекенова Астана – Қазақсан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы екендігін атап өтті. 

 

Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Президент Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары - Президент кеңсесі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент көшіп келгендігін, елімізді басқару жұмыстарының осы жерде жүзеге асырылғандығын әңгімелеп берді.

 

Қаланың Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқанын, оның еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын байланыстыратын аса маңызды әуе, автомобиль және темір жолдар торабында жатқандығын түсіндірді.

 

 

Республикамыздың астанасы көшер қарсаңында Ақмола облыс орталығы болды. Бір жарым ғасырдан астам мерзімде ондағы тұрғындардың саны280 мыңға жетті. Астана мәртебесі берілуге байланысты жоғары қарқынмен өсіп, 5 жылда 500 мыңға жетт. Астананың жаңа келбеті  туралы айта келіп, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Думан» ойын-сауық орталығы, мұндағы «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан екендігін, «Думан» ойын-сауық орталығы, «Самұрық» кинотеатры, Бәйтерек, басқа да мәдени орындары туралы қызу әңгімелеп берді. Биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» кешені Астананың символы іспеттес.

 

Астана - келісім, бейбітшілік қаласы деп тегін айтылмаған. Бәйтеректе дүниежүзіндегі он жеті дін басының қолымраморға түсірілген. Қасында бөлек алақанның ойылған ізі бар, оны Елбасымыздың қолы да түсірілген.

 

Сабақты екінші бағыты -  ұлттар  достығымен  үлгі болған Қазақстан туралы болды.«Қазақстан – жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз.

 

Қазақстан – көп ұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, құшақ жая қарсы алды.Қазақстан сияқты халықтар  достығы  үлгі болатын дүние жүзінде ел жоқ.

 

 

Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Халықтар Ассамблеясының атқарып отырған  жұмысы орасан зор. Үлкен игі шаралардың барлығы Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде жүзеге асатыны сөзсіз.

 

Ішкі істер органдарында да қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау жолында бірнеше ұлт өкілдері бірлік пен татулықта бірлесе еңбек етуде. Олардың қатарында өзбек, орыс, әзірбайжан, лакец, қырғыз, украин секілді ұлттан тұратын қызметкерлер Департамент аясында өтетін мәдени шараларға белсенді қатысады. Олардың түпкі мақсаты – Отанға қызмет ету, Қазақстанның  тарихын, салт-дәстүрін білуге ұмтылу.

 

Сабақ соңында  қатысушылар   Астана туралы өлеңдер оқыды. Бас қаланың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қызметті абыройлы атқарып,  жоғары жетістіктермен қарсы алатындарымен бөлісті.

 

Суреттер Казинформ, astanafm.kz, Zakon.kz, Today.kzсайттарынаналдынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему