Менингиттен қалай қорғанамыз?
11 Июня 2018 (22:33) | 2406 | Автор: Нурганым Имашева
Менингит несімен қауіпті және одан қорғану жолдары қандай? Ауруды дер кезінде қалай ауыздықтап, алдын алуға болады? Бұл сауалдардың жауабы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында өткен кезекті семинарда айтылды. Семинарда мекеменің эпидемиолог-дәрігері Аяулым Зейнышова мен Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Арықова баяндама жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
-Менингококк инфекциясы - бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру. Ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингококк сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады.
Менингит кенеттен басталады. Күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С-қа жетеді, адам қалтырайды. Тері бозарады.
Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда менингококк мидың қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады,- дейді дәрігер-эпидемиолог Аяулым Зейнышова.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Арықованың айтуынша, «менингиттің әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Егер менингитке күдік пайда болған жағдайда науқас инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады».
«Ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, менингиттің алдын алу үшін адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу қажет.
Және қолды мұқият жуған өте маңызды. Тамақтанар алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін балалардың да қолын дұрыс жууын қадағалауыңыз керек.
Сондай-ақ, уақытылы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды қолға алған жөн. Осындай қарапайым қағидаларды ұстану арқылы Сіз ауруды ауыздықтауға атсалысасыз!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімі
Суреттерді ұсынғанМаңғыстау облыстық балалар ауруханасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему