Сот актілерінің мұрағатта сақталу тәртібі
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 05:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот актілерінің мұрағатта сақталу тәртібі

29 Мая 2018 (10:58) | 4683 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Сот іс қағаздарын жүргізу» дерекқорында тұрған электрондық құжаттарды қоспағанда, сот істерін сақтау, құжаттандыру және оларды мұрағатқа беру тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы ережелері мен сот мұрағаты туралы үлгі ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

 

Істер номенклатурасы орындалған құжаттарды істерге топтастыру, істерді жүйелеу мен есепке алу, олардың сақтау мерзімдерін анықтауға арналған және тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақтаудағы істердің тізімдемесін жасауға, сондай-ақ уақытша (10 жылға дейінгі) сақтаудағы істерді есепке алу үшін негіз болады.

 

Үлгілік номенклатураға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда облыстық соттың сараптамалық комиссиясы Жоғарғы Соттың сараптамалық комиссиясына жүгінуі тиіс.

 

Мұрағаттағы сот істері, материалдар және басқа құжаттар жылы бойынша ИС АЖ және Төрелік дерекқоры нөміріндегі тәртіппен сақталады.

 

 

Істерді қабылдау және өткізу актімен рәсімделеді, онда:

1) ic қағаздарын жүргізудің, есепке алудың, есептіліктің және сот мұрағатының жалпы жағдайы;

2) сотта жүргізілетін карточкалардың, журналдардың, кітаптардың, нарядтардың атаулары;

3) әр карточкадағы, журналдағы, кітаптағы, нарядтағы нөмірленген беттердің  саны;

4) орындалмаған құжаттар және қаралмаған істер;

5)сот мұрағатындағы құжаттар, мұрағаттағы қылмыстық және азаматтық істердің саны;

6)заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабындағы жазбаның барлығымен нақты сәйкес келуі көрсетіледі.

 

Қабылдау-өткізу актісі екі данадан жасалып, қабылдап алу-өткізіп беруге қатысқан адамдардың  қолдары қойылады.

 

Актінің бірінші данасы мұрағатқа тапсырылады, екінші данасы Соттар әкімшісіне тапсырылады.

 

Нұрбулатқызы Гауһар

Ақтау қалалық № 2 сотының жетекші маманы

 

Суреттер Zakon.kz, today.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему