Маңғыстау облысында ауылдағы өрт сөндіру бекеті ашылды
28 Мая 2018 (09:10) | 2643 | Автор: Нурганым Имашева
-Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 ауылында маңызды жайт орын алды – ауылдарды, сонымен қатар Маңғыстау облысы аумағындағы басқа да нысандарды өрттен және апаттардан құтқаруға арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі «Центроспас» ЖШС өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті, -деп хабарлады біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Бұл нысанға осындай мәннің берілу себебі түсінікті секілді: ауыл-аймақтар облыстық орталықтан шалғай орналасқан және төтенше жағдайлар кезінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру есебі кез келген сәтте қажетті мерзімде ауылға баруға үлгермейді.
Ендігі кезекте «Центроспас» ЖШС бекеті үш елді-мекенді «қорғаумен» қамтитын болады.
Өртсөндіру қызметінің баспасөз мамандарының мәлімдеуінше, «Бекет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызметінде бірнеше жұмыс өтілі бар, бірнеше рет өрттер мен апаттарды жоюда жұмылдырылып, гарнизондық жаттығуларға қатысқан.
Бекеттің ашылуына Маңғыстау облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.Б.Базарбаев, Маңғыстау облысы ТЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы, өртке қарсы қызметінің ардагері С. Муханов қатысты.
Қонақтар өрт сөндірушілерді құттықтап, оларға бекетте тыныштық пен құрғақ жеңқұбыр болуын тіледі».
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему