Сауда нысандарын жоспардан тыс тексерудің қорытындысы жарияланды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сауда нысандарын жоспардан тыс тексерудің қорытындысы жарияланды

27 Мая 2018 (15:14) | 1422 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облысы ТЖ департаментінде департамент бастығы Қ. Базарбаев пен бастықтың орынбасары М. Мұхановтың төрағалығымен сауда орталықтарын жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша «Облыс аймағында орналасқан сауда нысандарының өртке қарсы жағдайы және тексеру нәтижесі» тақырыбында брифинг өтті.

 

 

Облыс аумағында жыл сайын тексеруден өтетін өрт қауіпсіздігі саласында жоғары тәуекел дәрежесіндегі 52 сауда (ойын-сауық кешендері, сауда үйі және 1500 және одан үлкен шаршы метрді құрайтын) нысандары тіркелген. Жоспардан тыс тексеру бойынша 52 нысанның барлығы тексеріліп, нәтижесінде 637 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды. 52 сауда объектісінің ішінен ішінара (бутиктерде және контейнерлерде, қоймаларда, кондитерлік цехтерде автоматты өрт дабылдарының болмауы) 30 нысанның өрт автоматикасы жүйелері, 9 нысанның автоматты өрт сөндіру жүйесі жоқ («Бәйтерек», «Алатау», «Достық», «Астана» сауда орталықтары, «Адас», «Ақтөре», «Алтын орда», «Қазына» сауда үйлері, «Думан» ойын-сауық кешені).

 

 

Қазіргі таңда тексерілген объектілерде өрт қауіпсіздік талаптарының бұзылуы:

Ережеге сай электр шамының қорғаныс қалпақшасымен жабдықталмаған - 5,6%;

Тоқ желілері ережеге сай жалғанбаған - 5,4%;

 

  • өртенген ағаштан жасалған сөрелердің өртке қарсы өңдеуінің жоқтығы - 4,8%;
  • өрт автоматикасы жүйесінің техникалық ақаулығы - 4,5%;
  • эвакуацияның әртүрлі пункттері, соның ішінде сауда-саттық алаңының үлесі - 4,5%;
  • өрт-техникалық минималды бағдарлама бойынша оқытудың жоқтығы  - 3,9%;
  • автоматты өрт дабылына техникалық қызмет көрсету жүргізілмейді - 3,1%;
  • көлемді жоспарлау шешімдерін әзірленген және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасыз өзгертуге жол берілген - 2,8%;
  • негізгі стандарттарға сәйкес өрт сөндіру техникасының негізгі құралдарында ұйымдардың толықтығы мен жұмыс істемейтіндігі - 2,6%;
  • өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйелерінің бұзылуы – 2,3%.

 

 

- Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы бойынша 51 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 40-ына 1 миллион 871 мың 090 теңге айыппұл салынды және 11 заңды тұлға ескерту алды. Ұйымдардың басшылығымен келісе отырып, Азаматтық қорғау органдарының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және БАҚ өкілдері 8 тексеруге тартылды.

 

Тексеру барысында Департамент ұйым өкілдерімен бірлесе отырып, халық көп шоғырланатын объектілерде 17 өрт-тактикалық жаттығуын өткізді, 2154 адамды қамтитын 52 үгіт-насихат және жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ТЖ департаментінде департамент бастығы Қуанар. Базарбаев.

 

 

Сонымен қатар, брифинг соңында облыста суға түсу маусымына дайындық туралы сұрақтар қаралды

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему