Маңғыстауда жасалған тауарлар көрмеге қойылды
11 Декабря 2016 (14:38) | 2015 | Автор: Мира Ботабекова
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Достық үйінде «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ильмұханбетова қатысты.
«Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі аясында келушілер облыстың химия өнеркәсібінен, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінен, сондай-ақ, құрылыс индустриясынан шығатын тауарлармен таныса алады. Көрмеге жергілікті өнеркәсіп мекемелерінен – «CASPI BITUM» БК» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Шыныпластикалық құбырлар зауыты», «Каскор-Машзауыт» АҚ, «Жамал-ай» ЖШС, «Аrcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «АқтауОйлМаш» ЖШС, «Каспио Пласт» ЖШС, сондай-ақ, тамақ саласының кәсіпорындары – «Maga-bread» ЖШС, «Берекет-Ф» ЖШС, «Millina Food Production cоmpanу Ltd» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС және басқалары да қатысты.
Көрмені ұйымдастырушы Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, келушілер аймақтың кәсіпорын қызметімен танысудан басқа жергілікті өндірістің азық-түлігін де қолжетімді бағамен сатып ала алады.
«Қазақстанда жасалған» брендімен экспортталатын тауарлардың бірі - шыны талшықты құбырлар. Ақтаудағы шыны талшықты құбырлар шығаратын зауат - мемлекет қолдауымен қуатын еселеген кәсіпорындардың бірі. Темірге қарағанда орнатылуы тез әрі салмағы да жеңіл шыны құбырын шығаратын өндіріс орнында үшінші цех іске қосылады.
Уәлихан Наушарбан, Шыны талшықты құбырлар зауытының маманы:
- Біздің шығаратын шыны құбырлар мұнай саласында қолданылады. Қазіргі уақытта ең жоғары қысымды көтере алатын құбырлар. 2016 жылға дейін зауыт 3500 км-ден астам құбыр шығарды. Биыл зауытты кеңейту мақсатында үшінші цех іске қосылғалы тұр. Цех іске қосылған соң жұмыскерлер саны көбейеді және жұмыс қуатын екі есе арттырады.
Индустрияландыру бағдарламасы бойынша биыл өңірде тоғыз жоба іске қосылады. Жалпы құны – 167,3 млрд теңге. Қаражаттың 86 млрд-ы төрт жобаны іске асыруға жұмсалған. Нәтижесінде 1479 жұмыс орны ашылды. Қалғаны жыл соңына дейін жүзеге асырылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему