Маңғыстау полицейлері ведомстволық турнирде ІІ орынды жеңіп алып, «Үздік палуандар» атанды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 19:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау полицейлері ведомстволық турнирде ІІ орынды жеңіп алып, «Үздік палуандар» атанды

24 Мая 2018 (20:10) | 1659 | Автор: Нурганым Имашева

Қызылжар (Петропавловск) қаласында «Динамо» дене шынықтыру-спорттық қоғамы мен ведомствосы ұйымдастырған қазақстандық полицейлер арасында ҚР Ішкі істер министрлігінің қазақ күресі бойынша бірінші чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа қатысушылар спорттық жеңістерін Астананың 20 жылдығына арнады.

 

 

Ведомство біріншілігіне тәжірибелі спортшылармен қатар жастар да, үміткер палуандар да таласты.
 
 
Кілемге үш салмақ категориясында - 80, 90 және 90 кг-нан астамы - шендегі 48 спортшы қатысты, яғни ҚР ІІМ ТЖК, ҚАЖД, Ұлттық гвардия, МКҚБ, Алматы мен Астана қалаларының ІІД нің 11 қызметкерлері кездесті. 
 
Алғашқы жалпыкомандалық есепте І орынды Солтүстік Қазақстан облысының палуандары жеңіп алды. 
 
Күрес жеңімпаздары тұғырының баспалдақтарына Маңғыстау облысының палуан-полицейлері көтеріліп, кілемде спорттық шеберліктерін көрсетіп, екінші орынды иеленді.

 

 

Жеке есепте Асхат Аманов Маңғыстау облысының қоржынына күміс медальді салып берді. 
 
Турнирде үшінші орынды Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының спортшылары жеңіп алды. 
 
Осы жағымды жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаменті Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Бұл ведомстволық спорттық шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің дене тәрбиесі даярлығы деңгейін арттыру және жауынгерлік дағдыларын дамыту үшін, сондай-ақ құқық қорғау
органдарында қазақ күресін насихаттау мен тарату және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің түрлі бөліністері қызметкерлерінің
арасында достық қарым-қатынасты нығайту үшін ұйымдастырылды».
 
 
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаменті Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему