Жауапты қызмет иесі
6 Марта 2018 (11:58) | 2674 | Автор: Нурганым Имашева
Өртсөндіру қызметіндегі психологтың еңбегі - жедел жәрдем жұмысымен тең. Өрт сөндіру қызметі – командир қабылдаған шешімінің дұрыстығы мен топтың әскери рухының және бірлескен іс-әрекетінің үйлесімінің нәтижесінде адам өмірін аман сақтап қалу сияқты аса жауапты міндет жүктелетін әскери ұйым.
Отпен алысатын өртсөндіруші-құтқарушылар қауымына тек өртті сөндірумен ғана айналысу емес, сондай-ақ қызмет бабында өз бойларындағы қорқыныш, үрей, қобалжу сияқты толып жатқан сезімдерді жеңе білу сынынан да сүрінбей өту сынағы қойылатыны белгілі. Өмірдегі кездесетін жеке басындағы мәелелер, мысалы біреуінің сүйген қызы тастап кетуі, екіншісінің досының қазасы, үшіншісі оқыс есінеудің әсерінен уақыттан ұтылуы сиқтфы толып жатқан мәселелер туындауы ғажап емес. Сондықтан өртсөндіруші-құтқарушылар қауымына да психологтың көмегі ауадай қажет.
Кадр жұмыстары бөлімінің бас-маман психологы Дариға Жолдыбаева өрт-тактиқалық жаттығуларға белсене қатысады. Соның бірі Ақтау қаласының тоғыз қабатты тұрғын үйінде орын алған шартты жануға қатысуын айта кетсек болады. Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің» қызметкерлеріне шартты жануды жойып, зардап шеккендерді көшіру және алғашқы көмек көрсетулері керек болды. Психологтың міндеті - шартты ТЖ орын алған ауданда зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету, қаланың психологиялық қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл схемасын әзірлеу. Дариға Жолдыбаева оқу-жаттығулар шеңберінде қатысқан медициналық, құтқару және басқа ұйымдармен авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу кезінде өзара әрекеттесуді ұйымдастырды. Зардап шеккендер рөлінде болған өрт сөндірушілерге жеке және топтық психологиялық көмек көрсетілді.
Психолог, азаматтық қорғау майоры Дариға Жолдыбаеваның өртке қарсы қызметінде жұмыс жасау ұзақтығы 12-жыл. 2008 жылы Д.Жолдыбаева офицерлік лауазымға аттестацияланып, өртке қарсы қызмет лейтенанты шенін алған болатын.
«Жұмыс өте үлкен жауапкершілік пен міндеттемелерді жүктейді»,- деп айтады. Бірақ қызмет өте қызықты, ал ұжым болса, өте тамаша, өткен жылда бізге көп жас қызметкерлер орналасқан болатын. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында барлық әйел әріптестеріме қауымына бар жақсылықты, бақытты және өркендеуді тілегім келеді.
Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінде психоэмоционалды жеңілдеу бөлмесі жұмыс істейді. Өрт сөндірушілердің кәсіби қызметінде эмоционалды күйзеліс жүктемелер деңгейі жоғары болып табылады. Қойылған мәселелерді тиімді шешу мақсатында және де үнемі қауіпті күту, қиын жұмыс және адамдардың қайғысы осының барлығы физикалық және психологиялық мүмкіндіктерді жинақтауды талап етеді.
Психологтың айтуынша, «Психоэмоционалды жеңілдеу бөлмесі жеке құраммен уақытылы оңалту іс-шараларының өткізілуіне ықпал етеді.
Өрт сөндірушілердің табысты жұмысының кілті - психологиялық дайындық болып табылады. Сол мақсатта жеке құраммен оқыту сабақтары жиі өткізіледі. Дариға Жолдыбаева құтқарушыларды күрделі жағдайлар кезінде өртті және оның зардаптарын жою жұмыстарына дайындайды.
-Өрт сөндірушінің қызметі терең эмоционалды уайымға негізделгендіктен психологиялық және эмоционалды тұрғыдан дайын қызметкер өзінің физикалық және психологиялық жұмыс қабілеттілігін ұзақ сақтай алады, - дейді Дариға Жолдыбаева.
Психологтың өрт сөндіру қызметіндегі жұмысы жедел жәрдем жұмысымен теңбе-тең келеді. Себебі мамандарға бұл жағдайда тек қана өртке қарсы қызмет жауынгерлерімен ғана емес ТЖ кезіндегі зардап шеккендермен де жұмыс жасауы керек. Дариғаның міндеті - зардап шеккенді неғұрлым тез бірқалыпты күйге оралту. Болашақта пайда болуы мүмкін психологиялық мәселелердің алдын алу үшін зардап шеккенге бірден психологиялық көмек көрсетілуі керек. Ол «Мағаш» базары өртенген кезде бір мезетте барлық мүліктерін жоғалтқан адамдарға психологиялық көмек көрсетіп, оларды есеңгіреуден шығаруға көмектескен болатын.
-Төтенше жағдай кезінде психолог адамға оқиғадан кейінгі душар болған жағдайды жеңуге қол ұшын созады. Кәсіби тілде оны «күйзеліске өткір реакция» деп атайды. Мұндай жағдайда адам бойын бірден ашу, ыза, үмітсіздік сиякты бірнеше эмоциялар жаулап алады. Бұл эмоциялар мықты болғаны соншалық, адамға ол эмоциялармен кәсіби көмексіз күресу мүмкін емес,- дейді Дариға Жолдыбаева.
Психолог-практик Дариға Жолдыбаева «ТЖ кезіндегі көмек бағдарламасы» бойынша біліктілікті арттыру курстарынан Астана қаласында өтті.
Дариға Жолдыбаевнаның жұбайы Ақтау халықаралық әуежайында инженер қызметін атқарады. Моральдық сергітуді Дариға ән айту арқылы алады, ешбір мерекелік іс-шара оның орындауындағы әндерсіз өтпейді.
Жанұясында аяулы жар, бақытты ана, өнегелі ене болып жүрген Дариға отбасы мүшелерін өте дәмді етіп пісіре алатын түрлі тағамдары және өзге адам өзіндей етіп пісіре алмайтындай нанымен жиі қуантып отырады.
Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Суреттерді түсірген«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы»
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему