МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖЕҢІЛДЕТУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ БЕКІТІЛДІ
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 09:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖЕҢІЛДЕТУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ БЕКІТІЛДІ

15 Августа 2020 (18:38) | 2200 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының халық арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Г.Көркінбаеваның жаңа қаулысы шықты. Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 17 тамызынан сағат 00-ден бастап карантинді жалғастыру және карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету енгізілсін. Карантиндік іс-шаралардың тәртібі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

 

 

ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛМАЙДЫ: 


​ 1 қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, кафелер, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донерханалар, барлар), сондай-ақ ашық ауада 30-дан аспайтын отыратын орыны бар жазғы алаңдар;

2. облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыстан тыс жолаушыларды автотасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар;

3 мәдениет объектілері, оның ішінде мұражайлар, театрлар, мәдениет үйлері және т. б.;

4. 30 адамнан аспайтын спорт базаларында тұратын Ұлттық құрамалардан басқа, спорт объектілері;

5. әлеуметтік қашықтық шарттарын сақтау талаптарын орындайтын демалыс базаларының аумағындағы жағажайларды қоспағанда, бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар,  ашық аквапарктер, ыстық бұлақтар;

6.  діни объектілер мен ғибадат ету орындары;

7. 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;

8. Балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер;

9. Кинотеатрлар, көрмелер, интернет және компьютерлік клубтар;

10. Түнгі клубтар, кальяндар;

11. Ойын-сауық объектілері (букмекерлік кеңселер, бильярд, караоке, ps-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар);

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:


         1.осы қаулының 2-тармағында көрсетілген объектілер мен қызметтердің жұмыс істеуін тоқтату.

         2. бір отбасы мүшелерін қоспағанда, елді мекендер ішінде 3 адамнан астам топтың жүруіне тыйым салу;

        3. демалыс күндері (сенбі-жексенбі) 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеу;

        4. кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салу;

        5. меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салу;


    ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАЙТЫН НЫСАНДАР:


             Маңғыстау облысының аумағында кәсіпкерлік субъектілері қызметінің мынадай түрлері бойынша InfoKazakhstan.kz сайттан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 2020 жылғы 17 тамыздан  00 сағат 00 минуттан бастап жұмысты қайта бастау:


           1. сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері  толымдылығы 30 пайыздан аспайтын, (1 келушеге 4 ш.м. кем емес), дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимімен және сенбі-жексенбіде қызметін тоқтатуымен (азық-түлік тауарларын сататын объектілерді, дәріханалардың ішіндегі объектілерді қоспағанда),

           2.сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 4 ш. м. кем емес), қызметін сенбі-жексенбіде тоқтата тұрумен;

          3. ашық ауада және залда 30-дан аспайтын отыратын орын орнатылған   ұжымдық іс-шараларды өткізбей, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және сағ: 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимімен қызмет ететін қоғамдық тамақтану объектілері;

          4. балалар түзету кабинеттері, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), топтарда балалар мен ересектерге арналған курстар 5 адамнан артық емес алдын ала жазылу бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндерінде қызметтін тоқтату;

        5. мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы (жасы бойынша) кезекші топтар (15 адамнан артық емес);

        6. ашық ауада азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар жәрмеңкелері, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі-жексенбіде қызметін тоқтату;

        7. жабық киім-кешек базарлары, азық-түлік емес тауарлардың жабық базарлары, жабық құрылыс базарлары дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс режимі  сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтату;

        8. киім-кешек базарлары (ғимараттан тыс), азық-түлік емес тауарлар базарлары (ғимараттан тыс), құрылыс базарлары (ғимараттан тыс)- (ашық);

       9. ауданы 500 м2-ден асатын азық-түлік емес дүкендер ( толымдылығы 30 пайыздан аспайтын,  1 келушіге  4 ш. м.  кем емес), дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтата тұру;

       10. сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып жұмыс жасайтын, ашық ауада орналасқан аттракциондар;

       11. фитнес, тренажер залдары  орталықтары (бассейінсіз), алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 5 ш. м. кем емес) жобалық қуатынан 50 пайыз толуымен және қызметін сенбі-жексенбіде тоқтатумен;

       12. қоғамдық моншалар, монша кешендері, бассейндері жоқ сауналар  (толымдылығы 50 пайыздан аспайтын, 1 келушеге 4 ш. м.кем емес) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 00.00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері қызметін тоқтатумен;


     13. топтарда 30 адамнан аспайтын ұлттық құрама, клуб командаларының спортшылары үшін спорт объектілерінде оқу-жаттығу процесін өткізуге рұқсат етілсін;

      14. ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат беру (5 адамнан артық емес);

     15. автобус ішінде жолаушылар санын 50 пайыздан асырмай қоғамдық көлік қозғалысын жандандыру, соңғы аялдамаларда автобус ішін желдетіп, дезинфекциялауды қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық нормалардың барлық талаптарын қатаң сақтау;

      16.  қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көрнекі жерде орналастыру,

    17. InfoKazakhstan.kz сайтындағы  кәсіпкерлік субъектісінің паспортына келушілермен обьектіні жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтердің  енгізілуі (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын №43- БСДҚ, №47- БСДҚ талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып анықталады және енгізіледі).



«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалына және осы тармақта көрсетілген басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғаларға халыққа қызмет көрсету орталықтарының, CaII орталықтардың жұмысын Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге,  жексенбі - демалыс күнімен қамтамасыз етілсін.



МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА:


              1. Қорғаныс маскаларын кию міндетті:

              2. Үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және басқалар), сондай-ақ қоғамдық көлікте және көшеде болған барлық адамдарға.

             3. Елді мекендердің ішінде міндетті түрде бетперде киіп, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен жүруге рұқсат етіледі.

            4. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, скверге және жағалауларға баруға рұқсат етіледі.
            5. Ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі (5 адамнан артық емес).

           6. Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

           7. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.

          8. Адамдар көп жиналатын отбасылық, естелік және басқа да іс-шараларды, жабық үй-жайларда, оның ішінде үйде спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему