Балық аулаушылардың назарына!
17 Апреля 2018 (11:44) | 2207 | Автор: Нурганым Имашева
Жыл мезгілінің ауысуына, күн жылынып, ауа райының жайлана бастауына байланысты Каспий теңізіне балық аулауға шығу немесе көк айдында жүзіп, теңіздің ауасын жұтуға деген құштарлықтің өсе түсетіні аян.
Осыған орай Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің «Жедел-құтқару жасағы» ММ – нің қызметкері Ботабаев Әділтеңіз жағасында демалып, тынығушылар және теңізде балық аулаушыларды апатты жағдайлардан сақ болуын ескертеді.
Аймақтағы Төтенше жағдайлардың алдын-алу, суда зардап шеккен адамдарға көмек көрсету және адам өмірін қорғау –ТЖДепартаментінің «Жедел құтқару жасағының» міндеті екенін барлығы біледі.Мұндай жасақтар өңірімізде Ақтауда, Форт-Шевченко қаласында, Құрық кентінде, Кендірлі демалыс орнында орналасқан.
-Облыстық ТЖ Департаментінің «Жедел құтқару жасағы» теңіз жағасында демалып, тынығушылар және теңізде балық аулаушыларды апатты жағдайлардан сақ болуын ескертеді.
Балық аулауға шықпастан бұрын ауа-райы болжамын білулеріңіз қажет. Қарт Капийдің мінезі беймәлім, аяқ астынан өзгеруі мүмкін.
Ұялы телефон, құтқару күртешесі, құтқару шеңбері, қайда екеніңізді білдіретін құрал, ысқырғыш т.б. құралдар болу керек.
Теңізге жалғыз шықпаңыз, ішімдік ішпеңіз. Көктем айларында ауа-райы құбылмалы болып келед,- деп ескертеді «Жедел-құтқару жасағы» ММ – нің қызметкері Әділ Ботабаев.
Судан құтқару қызметі маманының мәлімдеуінше, «Бірінші байлық - балық емес, бірінші байлық денсаулық, денсаулық - зор байлық. Облыс көлемінде балық аулаймыз деп қайғылы жағдайға ұшыраған балық аулаушылар жайлы қайғылы оқиғалар туралы аз айтылып жатқан жоқ.
Әрбір теңізге шыққан ер азаматты үйде ата-анасы, сүйіп қосылған жары, балалары күтіп отырғаны анық. Бақыт балықта емес, әркімнің өзінің отбасыңда.
Жұмыстан келгенде балаларыңның алдыңнан әкелеп шыққаны, сүйіктіңіздің күтіп алғаны, ата-анаңның көз қуанышына не жетеді?!»
-«Білгенге - маржан, білмегенге – арзан»- дейді халық даналығы. Қашанда, қайда болсаңыздарда қауіп-қатерден, опаттан, судан абай болыңыздар!
Біздің мақсатымыз - қорқыту емес, ескерту. «Сақтансаң сақтаймын!» деген қағиданы естен шығармаған абзал,- деп ескертеді«Жедел-құтқару жасағы» ММ – нің қызметкері Әділ Ботабаев.
Суреттер «РыбЛиб.ру», www.art-sharjist.ru және SmartNews.ru сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему