Ақтаулық тәртіп сақшылары мереке қарсаңында ант қабылдады
7 Мая 2018 (10:39) | 2473 | Автор: Нурганым Имашева
«Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңіс күніне» орай өткізілген салтанатты шара Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасында жалғасын тапты.
Атаулы мереке шарасы Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының бірінші басшысы милиция полковнигі Н.Қанаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Басқарма қызметкерлері мен мереке қонақтары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты жиында 8 қызметкер ант қабылдады, олардың қатарында полиция лейтенанттары Ылыев Нұрмағамбет, Бибираким Есбол , Амантай Исламбек, Жұмабаев Ғалымжан, Мурзамуратов Дархан,Нұралиев Манарбек, Есетов Қолғанат, Нұрланов Саламат.
Мереке құрметіне орай, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ІІД-нің «Құрмет грамотасымен» - 2 қызметкер, «Алғыс хатымен»- 2, қызметкер марапатталып, 2 қызметкерге «Алғыс» жарияланды.
Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қалалық Ішкі Істер Басқармасыың баспасөз қызметі хабарлады.
Суретті түсірген Ақтау қалалық Ішкі Істер Басқармасыың баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему