Жеңіске -тағзым, ардагерге- құрмет!
7 Мая 2018 (10:03) | 1954 |
Автор: Нурганым Имашева
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Маңғыстау облыстықфилиалының төрағасы Рақымжан Бейсенов, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Өмірзақ Садықов Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбеталиқызын құттықтап, естелік сыйлық табыс етті. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
-Ардагерлердің ерлігі мен еңбектегі қайтпас қажыр-қайраты жас ұрпақ санасынан әрқашан орын табуы керек. Қамқа апамызды және барша қадірліардагерлерімізді қос мерекемен құттықтаймын. Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын, - деді Р.Бейсенов.
Бүгінде өнегелі қарттың өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі болып келеді. Әскери қызметтен босағаннан кейін мұнай өнеркәсібінде еңбек еткен Қамқа апа «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы», «Жер қойнауын барлау үздігі», «Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері» атанды.
Қамқа Үмбеталиқызы 1923 жылы 15-қыркүйекте дүниеге келіп, 1942 жылы әскерге шақырылған. Соғыс біткенше 1-Қиыр Шығыс майданының 9-Әуе Армиясында әскери қызметте болған. Үздік әскери іс-қимылдары үшін Қамқа апа қызмет еткен авиаполктің барлық құрамына Жоғарғы Бас Қолбасшы И.С.Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланған.
Қазақтың қ айсар қызы 1945 жылы Жапониямен болған соғыста әскери ұшуларға қатысып, ерліктері үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» және мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Атаулы күнді бір сәтке ескерусіз қалдырмаған сот ұжымына Қамқа апа өз ризашылығын білдірді.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему